Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы ұлттық университетке тағы бір ЖОО-ны қоспақшы

Опубликовано:

Фото
Фото: enu.kz

Қазақстандағы танымал ұлттық университеттердің біріне елордадағы Қаржы академиясын қосу жоспарланып отыр. Аталған бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер порталында пайда болды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Белгілі болғандай, Қаржы академиясын елордадағы Еуразия Ұлттық университетіне қосу жоспарланып отыр екен.

"Мемлекеттік мүлік туралы" заңның 4 бабы мен Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес республика үкіметі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын "Қаржы академиясы" акционерлік қоғамын оған еншілес мекеме ретінде қосу жолымен қайта құру туралы қаулы қабылдайды", - деп жазылған қаулы мәтінінде.

Сонымен бірге академияның қосылу процесіне жауапты мекеме ретінде қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру комитеті мен білім және ғылым министрлігі деп бекітілді.

Айта кетерлігі, Қаржы академиясы - елордада 50 жылдан астам уақыт бойы шәкірт тәрбиелеп келген білім ордасы. Ол 1965 жылы Қазақ КСР қаржы министрлігі Целиноград қаржы-экономикалық техникумы ретінде құрылған болатын.

2009 жылы Министрліктер кабинетінің шешімімен жаңа типтегі мамандандырылған Қаржы академиясы болып қайта құрылған еді.

Академияда бүгінде қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, экономика, менеджмент және ақпараттық жүйе мамандықтары бойынша мамандар даярланады. Қаржы академиясы президенті қызметін көп жылдар бойы Наталья Коржова атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913242-nur-sultandagy-ulttyq-universitetke-tagy-bir-zoo-ny-qospaqsy/

pixel