Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық әйел перзентханада ауысып кеткен қызы туралы шындықты 27 жылдан кейін білді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодар перзентханасында екі баланың ауысып кеткені туралы оқиғаны Светлана Педченко есімді әйел баяндады. Әйел сотқа жүгініп, ауруханадан моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге өтемақы талап еткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым дерегінше, 1993 жылы Павлодардағы №2 қалалық ауруханада әйел қыз бала босанған.

Сол уақытта онымен бірге палатада тағы бір әйел жатқан. Екі сәби 20 минут аралықпен өмірге келген.

Светлананың айтуынша, жаңа туған нәрестелерді бір жерде жөргектеген. Дәл сол кезде медицина қызметкерлері шатасып кеткен болуы мүмкін.

Қыз бала жанұясындағы үлкен ұлынан сыртқы келбеті жағынан ерекшеленген, бірақ әйел оған аса қатты мән бермедім деп отыр.

"Ұлым ашық реңді, көзі көк, ал маған көздері қара, өзі де қара торы қызды берді. Күйеуімнің шешен ұлтына қатысы болғандықтан, ол менің қызым емес деген ой мүлде болмады", - деді Светлана Педченко өңірлік Ирбис телеарнасына.

Өткен жылы Светлана әлеуметтік желіде көрген қыздың фотосы көзіне оттай басылған. Оның парақшасына кірген кезде өзіне қатты ұқсайтынын аңғарған. Сол уақытта жаңа туған сәбилердің ауысып кетуі мүмкін екенін түсінген.

Әйел Павлодар қаласына барып, қызбен кездескенін жасырған жоқ. ДНҚ Светлана Педченко өсірген қыздың биологиялық анасы емес екенін көрсеткен. Күйеуімен бірге олар ауруханаға қарсы іс қозғады.

Ерлі зайыптылар әділетке жетіп, сәбилерді ауыстырып алған перзентхана қызметкерлерін жауапқа тартуға шешім қабылдады.

"Павлодар қалалық сотында Олег Педченко мен оның жұбайы Светлана Сұлтанов атындағы Павлодар ауруханасының үстінен түсірген арыз бойынша азаматтық іс қаралып жатыр.  Моральдық шығын өтеу бойынша үшінші тұлға – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы тартылған", - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Руфат Ерғалиев.

Ерлі-зайыпты өтемақы ретінде 20 миллион теңге талап еткен. Екінші отбасы сотқа жүгінбеді. Ал отбасы қазір Ресей Федерациясының аумағында Новосибирск қаласында тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913326-pavlodarlyq-aiel-perzentxanada-auysyp-ketken-qyzy-turaly-syndyqty-27-zyldan-keiin-bildi/

pixel