Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Көкшетауда қару-жарақ пен жарылғыш заттар шығаратын цехты жойды (видео)

Опубликовано:

Ұстау сәті
Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

15 сәуірде Көкшетау қаласында ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз жасауға және оларды өткізуге қатысы бар қылмыстық топты жойды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты хабарлады.

Сайттағы мәліметке сәйкес, топтың үш қатысушысы қару мен ҚЖҚ-ның кезекті партиясын сату кезінде ұсталды.

Жасырын цех ұсталғандардың бірінің жеке үйінде болған.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 7 жауынгерлік пистолет, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 патрон, сондай-ақ қару-жарақты модификациялау мен жасауға арналған құралдар алынды. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Тапанша
Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰҚК хабарлағандай, осы жылдың мамыр айында Ресей Федерациясының Қазан қаласында болған қайғылы оқиға қаскүнемдердің қолындағы атыс қаруы ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін көрсетті.

Осыған байланысты қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл ҚР арнаулы және құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өткен еді.

Отырыста 2030 жылға дейінгі Қарулы Күштерді, басқа да әскер мен күштік құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жобасы қаралды, cондай-ақ шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында қорғаныс министрі Ермекбаев пен ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ділмановтың есептері тыңдалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913337-uqk-koksetauda-qaru-zaraq-pen-zarylgys-zattar-sygaratyn-cexty-zoidy-video/

pixel