Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вакцинаға қатысы жоқ": ДСМ коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейінгі өлім туралы

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау вице-министрі ОКҚ-дағы онлайн брифингте азаматтардың коронавирусқа қарсы екпе салдырғаннан кейінгі өліміне қатысты сот сарапшыларының қорытындысы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, Қазақстанда азаматтардың өліміне қатысты 4 іс тергелді. Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін өлім жағдайларының әрқайсысы комиссияда қаралды. Адам өліміне алып келген алғашқы оқиға Алматы облысында болды.

"Бұл біздің қалалық перзентханадағы әріптесіміз. Комиссия жұмысын аяқтады. Ол созылмалы жүрек ауруына шалдыққан, есепте тұрған, бірақ үнемі бақыланбайтын, гипертензияға қарсы дәрі ішпеген. Сонымен қатар, комиссия вакцинаның сақталуы мен медициналық ұйымның санитарлық нормаларының сақталуына талдау жасады. Сот-медициналық сараптама нәтижелері – вакцина вирусемияны туындата алмайтынын ескере отырып, дәл осы науқаста аутопсияда вирусемия немесе коронавирустың органдардың зақымдану белгілері анықталмаған, жүректің созылмалы ауруы болған, вакцинациямен байланыс табылмады", – деді Ғиният.

Адам өліміне алып келген екінші оқиға Алматыда болды.

"Алматыда ер адам дәрігерге қаралмады, тіркеуде болмады, екпенің екінші компонентін Алматы емханасында алды. Науқаста қан қысымы көтерілген, жүрек ауруы болған, бұл мәселе бойынша сот-медициналық сараптама әлі аяқталған жоқ, комиссия жұмыс істейді. Әзірге қорытынды жоқ", – деді вице-министр.

Үшінші адам Ақтөбе облысында екпеден кейін қайтыс болды.

"Ақтөбе облысы. Пациентте комиссияның қорытындысына сәйкес, созылмалы жыбырлақ ырғақсыздығы болған, бұл көбіне ишемиялық инсультқа әкеліп соқтырады. Мұнда да вакцинациямен ешқандай байланыс жоқ", – деді Ғиният.

Төртінші өлім, вице-министрдің сөзіне сәйкес, әлі де тергеу үстінде. Бұл жолы қазақстандық коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның екінші компонентін салдырған соң 12-күні қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913354-vakcinaga-qatysy-zoq-dsm-koronavirusqa-qarsy-vakcinaciyadan-keiingi-olim-turaly/

pixel