Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда есірткі қолданып отырған жерінен 15 адам ұсталды

Опубликовано:

есірткі марихуана
Көрнекі фото: kaskad.tv

Оңтүстік астанада полиция қызметкерлері есірткі қолданушылар жиналатын орынды анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық полиция депараментінің мәліметінше, Әуезов ауданындағы пәтерлердің біріне есірткі тұтыну үшін 15 адамға дейін жиналған.

"Есірткі үйінің бастамашысы және ұйымдастырушысы пәтердің иесі – 44 жастағы азамат Ц. болып шықты. Ол өзі де есірткі қолданушы. Оның үйінен мефедрон, героин сияқты заттар табылды және тәркіленді. Аталған факті бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. "Қонақтар" да полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алынды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды" , – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сонымен қатар, ол бір күн бұрын Алматыда героин сатушысы ұсталғанын атап өтті.

"Арлан" арнайы бөлімшесінің және кинологиялық орталықтың қызметкерлерімен өзара әрекеттесу кезінде Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны есірткі сатқаны үшін ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматыға есірткі жеткізу арналарын анықтау шаралары жүргізілуде" , – деп түсіндірді Ерлан Алмағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913449-almatyda-esirtki-qoldanyp-otyrgan-zerinen-15-adam-ustaldy/

pixel