579 млн жалақы: "Барыстың" канадалық ойыншысы Қуат Найманның ашуына тиді
Опубликовано:

Қазақстандық аралас жекпе-жектің атышулы спортшысы Қуат Хамитов қазақстандық "Барыс" хоккей клубының капитаны Даррен Дицтің жалақысының мөлшері туралы айтты деп хабарлайды Sports.kz.
"Бұл халықтың ақшасына барлығының түкіргені бар деген сөз", – деп "Найман" Sports.kz порталының Instagram-да жариялаған жаңалығына пікір білдірді.
Еске сала кетейік, ресейлік "Спорт-Экспресс" мәліметі бойынша Диц жылына 579 миллион теңге алады, бұл бүкіл Құрлықтық хоккей лигасындағы екінші көрсеткіш болып табылады.
Хамитовке келер болсақ, ол келесі жекпе-жегін 19 маусымда Атырауда Роман Головиновқа қарсы өткізеді. Бұған дейін спортшы өзінің алдағы жекпе-жегі жөнінде ресми мәлімдеме жасады.
"Ресми! Біз келесі жекпе-жекке дайындықты бастадық! Өтетін орны мен уақытын жақында жариялаймыз", – деп жазды Хамитов өз парақшасында.
Айта кеткен жөн, "Найман" лақап атымен танылған Қуат Хамитов 2021 жылдың 22 қаңтарында Ресейдегі аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирінің бірінші раундында қарсыласы Максим Пантелеевты нокаутқа түсірген болатын.
Осылайша, отандасымыз өзінің кәсіби мансабындағы 20-жеңіске қол жеткізді.
Оған қоса, қазақстандық "жауынгердің" алдымен Магомед Магомедовпен, кейіннен Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығатыны хабарланды.
Алайда кездесуге санаулы сәттер қалғанда оның қарсыласын ауыстырып жіберген.
Сонымен қатар, Қуат Хамитов Ресейдегі жеңісін марқұм даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровке арнады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913469-xalyq-aqsasyna-tukirgeni-bar-quat-xamitov-xokkei-sportsysynyn-zalaqy-molserin-synga-aldy/