Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысы әкімінің үстінен сотқа шағым түсірген Ақсу әкімі жұмыстан шығарылуы мүмкін

Опубликовано:

Әкім
Кадр: "Астана" арнасы

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың үстінен сотқа шағым түсірген Ақсу әкімі Нұржан Әшімбетов жұмыстан шығарылуы мүмкін деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Нұржан Әшімбетовтің Ақсу қаласына әкім болып тағайындалғанына нәбәрі үш айдан енді асып отыр. Алайда, басынан дау арылар емес. Жұмысқа келе салысымен сөгіс алып, қызметтік тексеруге ұшырады. Бұған келіспеген Нұржан Әшімбетов, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовты сотқа берген. Айтуынша, аймақ басшысы оған қысым көрсетіп, "жылы орнын босатуға" кеңес берген. Бұған келіспегені үшін үстінен арыз жазып, жала жауып отыр дейді.

"15 сәуірде мені облысқа шақырда да, айтты осындай арыз түсті. Сізді басқа жұмысқа жіберейік дегенбіз - деп маған қысым жасады. Бір азаматтар сөзінде айтты, орынбасарыңыз айтты, шақырды, облыстан сондай тапсырма келді, қол қойыңдар - деп. Сондықтан мен ойлағанмын, ұйымдастырылған нәрсе деп", - дейді Әшімбетов.

Ол өзіне берілген сөгістің негізсіз екенін алға тартуда. Айтуынша, жазаны қаладағы екі зауыттың көрсеткіштері төмендеп кеткені үшін беріпті. Ол жекенің қолындағы зауыттың қала әкіміне бағынбайтынына баса назар аударуда.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов болса, өзіне бағынбаған қызметкерінің ісін өңірдің әдеп жөніндегі кеңесіне жіберген. Аталмыш кеңес мүшелері Ақсу қаласының басшысына қатысты мәселені талқыға алған.

"Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің тәртіптік ісіне қатысты келесідей дауыс берді. 7 адам жұмыс орнын босатуға, 3 адам ескерту жасауға және 1 адам сөгіс беруге дауыс берді. Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкіміне Нұржан Әшімбетовті жұмыстан босату туралы ұсыныс жасалды", - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменттің баспасөз хатшысы Айнұр Сәдуақасова.

Ал облыс әкімінің өзімен хабарласу мүмкін болмаған екен. Баспасөз хатшысы сот болатындықтан, ешқандай пікір білдірмейтінін айтқан.

Ал сот, Нұржан Әшімбетовтің заңсыз қызметтік тексеру жүргізді деген талап арызын қабылдаудан бас тартты. Ақсу қаласы әкіміне сөгістің заңды-заңсыз берілгенін енді сот анықтамақ.

Ө. Қуанар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913474-pavlodar-oblysy-akiminin-ustinen-sotqa-sagym-tusirgen-aqsu-akimi-zumystan-sygaryluy-mumkin/

pixel