"Бюрократия қашан аяқталады": Сапарбаев шенеуніктерді сынға алды
Жарияланған күні:
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев кезекті жиында шенеуніктерді сынға алып, заңсыз тұрғызылған ғимараттарды, атап айтқанда, "қызыл" сызық нормаларын бұзған нысандарды бұзуға бұйрық берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Арман Әбдешов өткен жылы олар коммерциялық кәсіпорындар құрылысының заңдылығына аудит жүргізгендерін айтты.
123 объект "қызыл" сызық нормаларын сақтамаған. Оның ішінде 85 ғимарат бұзылды, ал қалған 38-іне қатысты аудандық әкімдіктер шара қолданбай отыр. Ағымдағы жылдың басынан бері осындай 80 нысан анықталды және тағы 16-сы құжат рәсімдеуде бұзушылықтар жіберген.
"Аудан әкімдері құрылыс нормалары мен ережелерін бұзушылықтарды жою бойынша нақты шаралар қабылдамайды, "қызыл" сызықпен байланысты проблема бірінші рет талқыланған жоқ.
Сіз заңсыз салынған нысандарды бұзып жатқаныңызды, сонымен бірге бұзушылықтармен жаңа нысандар бой көтеріп жатқандығын хабарлайсыз. Жауапты органдар, әкімдіктер бірлесіп жұмыс жасамайды. Жауапкершілікті бір-біріне сілтейді. Ресми хаттар жіберіп, жауап күтіп отырмын дейсіз. Бастама алуға ешкім асығар емес. Бұл бюрократия қашан аяқталады?", – деп Жамбыл облысының әкімі ашуға басты.
Бердібек Сапарбаев құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарды тез арада жою бойынша іс-шаралар кестесін дайындауды тапсырды.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы, Байзақ, Жамбыл және Меркі аудандарындағы су шаруашылғы нысандарының жай-күйімен танысқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913544-byurokratiya-qasan-ayaqtalady-saparbaev-seneunikterdi-synga-aldy/