Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі психотерапевт әйелдерге қалай "дұрыс ажырасу" керектігін айтты

Жарияланған күні:

Жібек Жолдасова
Фото: Facebook/Жибек Жолдасова

Белгілі дәрігер әйелдерге ажыраспай тұрып істеп үлгеру керек нәрселердің тізімін айтты. Психотерапевт Жібек Жолдасованың жазбасы көптің қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дәрігер Жібек Жолдасова Facebook парақшасында әйелдерге ажырасуға алдын ала қандай дайындық керек екенін түсіндірді. Оның сөзінше, "дұрыс ажырасу туралы" кітаптар шетелдерде 30-40 жыл бұрын жазылып кеткен, алайда ол туралы КСРО-да ешкім жақ ашпаған.

"Бізге ондай тақырып түсініксіз болып келді, ол шақта ажырасу өзекті емес еді, бірақ қазір жағдай өзгерді. Мұндай кітаптар әйелдер үшін жазылды.

Бірінші кезекте ажырасудан көп уақыт бұрын оған дайындалу керек. Тіпті күйеу сараң болсын, онымен ажырасқан соң еш қайыр күтпесеңіз, ажырасудан бұрын көп нәрсені істеп үлгеруге болады. Мысалы, тісіңізді емдетіп, протез қойдыртуыңызға, денсаулығыңызды ретке келтіріп алуыңызға болады (емделу, тексерілу, операция жасату).

Алдын ала банктен шот ашып, бастапқыда өмір сүруге болатындай оған азын аулақ ақша жинақтауыңыз қажет.

Жап-жаңа киім мен барлық маусымға аяқ киім сатып алып қойыңыз.

Түрлі қызметтерге, фитнеске алдын ала бір жылға абонемент сатып алып қоюға болады.

Тағы басқа ұсақ-түйек нәрселер бар, ажырасуға осылай жақсылап дайындалу керек.

Ақылға қонымды, әсіресе, өзіне жауапкершілік алмайтын ер адамдарға қатысты айтар болсақ...", - дейді психотерапевт Жібек Жолдасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913566-belgili-psixoterapevt-aielderge-qalai-durys-azyrasu-kerektigin-aitty/