Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны үйде қалай алады

Опубликовано:

дәрі
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев қандай жағдайда қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинаны үйде алуға болатынын сөз етті деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ақтөбе қаласының тұрғыны телеарна эфирінде қазіргі уақытта КВИ-ге қарсы вакцина алғысы келетіндердің қарасы көп екенін, алайда екпе пунктіне баруға бәрінің бірдей мүмкіндігі бола бермейтінін жеткізді.

Осыған байланысты әйел мүгедектерге немесе зейнеткерлерге вакцинаны үйде алуға мүмкіндік бола ма деп сұрады.

Ал аталған санаттағы азаматтарға бұндай қызмет қазіргі уақытты қолжетімді екен.

Ол үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеге хабарласып телефон арқылы өтініш қалдырады.

Айта кетейік, үйде иммундау қызметі тегін.

Телеарнаның хабарлауынша, өтініш білдірушімен тілдескеннен кейін өзара вакцина жасайтын күнді белгілейді. Қазақстандыққа 2 препараттың бірін таңдау мүмкіндігіне беріледі: отандық QazVac немесе қытайлық Hayat-Vax.

Ресейлік "Sputnik V" ұсынылмайды. Өйткені вакцинаның бір бөтелкесі бес адамға арналған, ал QazVac және Hayat-Vax бөтелкелері бір адамға лайықтап жасалған.

"Мобильді топта міндетті түрде екпе салдыратын адамды тексеретін учаскелік дәрігер немесе терапевт болады, егер нәтиже оң болса, вакцинациялау ұсынылады.

Барлық ережелер емханадағыдай: вакцинация алдында тексеру, 30 минуттан кейін қадағалау. Сондай-ақ, үш күннен кейін олар қоңырау шалып, азаматтың жағдайын біледі", - деді Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913635-qazaqstandyqtar-koronavirusqa-qarsy-vakcinany-uide-qalai-alady/

pixel