Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Кей тұстарымен келіспеймін”: Абаев Дудьке сұқбат берген "Ирина Кайратовна" туралы

Опубликовано:

Фото
Фото: Facebook/Александр Трухачев

Бұрынғы ақпарат және қоғамдық даму министрі және қазіргі уақытта президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев "Ирина Кайратовна" тобының ресейлік танымал журналист Юрий Дудьке берген сұхбатына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ашық диалог 2.0" жобасы аясындағы сұхбаттың үзіндісін журналист Александр Трухачев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Абаев интервьюді толық көрмегенін, тек үзінділерін көргенін мойындады.

"Бұл жігіттерді өз елінің патриоттары деп ойлайсыз ба?" деген басылым қызметкерінің сұрағына президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары "егер менің көрген және естігенім бойынша бағалайтын болсақ, онда иә" деп жауап қатты.

Абаев одан бөлек "Ирина Кайратовна" тобының билікке қарсы сынына да пікір білдірді.

Бұрынғы министрдің сөзінше, бұл - олардың құқығы.

Абаев Ирина Кайратовна тобы елімізде билікті сынаған алғашқы адамдар емес екенін жасырмады.

"Өркениетті әлем үшін қалыпты жағдай. Әрине, мен кейбір тұстарымен келіспеймін. Кейбіреулерімен ішінара келісемін. Жалпы, көптеген дұрыс нәрсе айтылды. Ең бастысы - жігіттердің ел тағдыры мен болашағына немқұрайлы қарамауы", - деді президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Дәурен Абаевтың айтуынша, соңғы жылдары шығармашыл жастардың жаңа буыны өсіп, күшейе түскен.

"Бұл әншілер, әртістер, вайнерлер ғана емес, сонымен қатар жаңа жас суретшілердің, актерлердің, театр және кино режиссерлерінің, фотографтардың жаңа буыны. Олардың көпшілігі қазақ тілін дәріптеуге зор үлес қосуда. Олар оны сәнді және жастар арасында танымал етеді.

Әрине, шығармашылықтан басқа, олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын да айтады. Кейбір тұста ойын жеткізуде өте қатты кетуі мүмкін. Менің ойымша, бұл да қалыпты жағдай. Тағы бір жағынан алып қарайтын болсақ, уақыт барлығын өз орнына қоятынына мен толық сенімдімін. Не дегенмен, көп нәрсе сырттай жақсы байқалады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913674-bilikti-synagan-algasylar-emes-abaev-reseilik-zurnalistke-suqbat-bergen-irina-kairatovna-turaly/

pixel