RU

"Нағыз дипломат": Михаил Гусман Қазақстан президенті туралы ойын айтты

Тоқаев1
Фото: Alexander Astafyev\TASS via Getty Images

ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман "Эхо Москвы" радиосының бағдарламасы барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі кезеңде Қазақстанда қандай ең ірі айқындаушы позиция мен лауазым болса, солардың барлығында қызмет атқарды. Ол Сыртқы істер министрі, Сенат төрағасы болды. Президенттік резиденцияға келгенге дейінгі өмірінің басым бөлігі дипломатиялық қызметпен байланысты. Ол кәсібі бойынша да, әңгімелесу мәнері бойынша да нағыз дипломат" , - деді Михаил Гусман.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы барынша байсалды, дипломатиялық мәнерде сөйлейтін, әрбір сөзі әуелгі айтқан сөзімен астасып жататын адам. Оның әңгімелесу формасы өте тартымды", - деп қосты ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға эксклюзивті сұхбат берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913715-nagyz-diplomat-mixail-gusman-qazaqstan-prezidenti-turaly-oiyn-aitty/