Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пандемия басталғанда дәрігерлер COVID-19-ды неге жұқтырды: Бюрабекова жауап берді

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Dmitry Rogulin\TASS via Getty Images

Денсаулық сақтау экс-вице-министрі Людмила Бюрабекова сотта "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша жауап берді. Ол пандемия басталған кезде дәрігерлердің коронавирусты жаппай жұқтыруына қорғаныш костюмдерінің жеткіліксіздігі себеп болған-болмағанына қатысты өз болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Людмила Бюрабекова медициналық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарының бар-жоғына қарамастан, коронавирусты жұқтырғанын және жұқтыруын жалғастыра беретінін өкінішпен атап өтті.

"Менің білуімше, дәрігерлер қазірдің өзінде инфекцияны жұқтыруды жалғастыруда. Бұл вирустық жүктемеге, ЖҚҚ-ны (жеке қорғаныс құралдары - ред.) қалай қолданатындығына байланысты. Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану фактілері болды делік, бірақ оларды шешіп тастаған кезде және қолды вирустан залалсыздандыру кезінде де қателіктер болып жатты", - дейді ол.

Бюрабекова барлық жағдайларда эпидемиологиялық тергеу жүргізілгеніне, дертті жұқтыру себебі және жұқтыру орны анықталғанына, яғни жұқтыру жағдайы жұмыста немесе үйде тіркелгендігі тексерілгеніне баса назар аударды.

"Бізде жұмыс барысында ЖҚҚ-ны қолданғаннан кейін бірге шай ішуге отырып, вирусты бір-біріне жұқтыру фактілері болды. Мұндай фактілер әлі де тіркелуде... Медицина қызметкерлері вирус жұқтыруын жеке қорғаныс құралдарының бар-жоғына қарамастан жалғастыра береді", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін прокурор сотта Шәріптің әрекеті салдарынан 2 мың дәрігердің вирус жұқтырғанын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913736-pandemiya-bastalganda-darigerler-covid-19-dy-nege-zuqtyrdy-byurabekova-zauap-berdi/

pixel