Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Онлайн оқыған балалардың көру қабілеті төмендеген

Опубликовано:

Көз дәрігері
Фото: Instagram/aigerim_kairbekk

Отандық окулист онлайн оқу салдарынан соңғы бір жылда көз ауруына шағымданушы 15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларының көбейіп кеткенін жеткізді. Көз дәрігері KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында ата-аналарды бала денсаулығына бей-жай қарамауға шақырды.

"Онлайн оқу басталғалы мектеп жасындағы балаларға "жалған миопия" (алысты көрудің нашарлауы) диагнозын жиі қойып жүрміз. Маған 15 жасқа дейінгі балалар биыл өте көп келді. Себебі түсінікті, бала мектепте оқығанда, сабақ арасында үзіліс болып тұратын, оқушылар сыртқа шығып, ары-бері жүретін. Ал онлайн оқу кезінде бала тапжылмай телефонға телміріп отыра берді. Смартфонды 20-10 сантиметр жақын ұстайтындар бар. Үзбей 3-4 сағат жақынға қарап жұмыс істеген бала 5 метр қашықтықтағы затты көре алмайды. Оның үстіне үйде режим сақталмайды. Бір сабақты оқығаннан кейін бала орнынан тұрып, алысқа қарау керек. Тым болмаса, терезеден алысқа қарасын, бес метр қашықтыққа көз тастасын. Содан кейін келесі сабаққа кірісуі керек. Ал бізде қалай? Бірінші сабағын оқып болып, арасында достарымен, құрбыларымен сөйлесіп отыра беретіндер бар. Негізі телефонды көзден 30 см көзден қашық ұстау қажет", - дейді көз дәрігері Айгерім Ақышбаева.

Окулист қашықтан оқытудың жасы үлкен мүғалімдерге де ауыр тигенін атап өтті.

"Мұғалімдер де осы жылы көп келді. Әсіресе жасы 40-тан жоғары ұстаздар жиі шағымданды. Оларға жақынға ұзақ қарап отырып жұмыс істеу қиын соққан. Көзін емдетуге келіп отырғанда белінің ауыратынын айтып шағымданғандар да болды" - дейді дәрігер.

Айгерім Ақышбаева оқу жылының жазға дейін созылуы көзге қаншалықты салмақ салатынына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, егер оқушылар гаджетті, оқулықты көзден алшақ ұстаса, әрі жарты сағат сайын көздің режимін ауыстырып отырса (алысқа қарау арқылы) жазда оқудың зияны жоқ", - деген пікірде ол.

Көз дәрігері онлайн оқыған оқушылармен бірге барлық 15 жасқа дейінгі балаларды көзін жылына екі рет тексертуді әдетке айналдыруды ескертті.

Айгерім Ақышбаева балаларға денсаулығына зиян келмес үшін гаджеттерді пайдалануға қанша уақыт рұқсат беруге болатынын айтты.

Дәрігердің сөзінше, екі жасқа дейінгі балаға мүлде телефон бермеген жөн. Ал, 2-5 жасар балаларға 10 минуттан артық теледидар, смартфон экранының алдында уақыт өткізбегені дұрыс. 5-7 жастағы балалардың көзіне 10-15 минуттан артық телефонға телміру зиян екен. 8-15 жас аралығындағы балалар телефонға бір отырғанда 15-25 минут уақыт бөлу жеткілікті. 14-18 жастағыларға шекті уақыт мөлшері - 30 минут.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913739-onlain-oqygan-balalardyn-koru-qabileti-tomendegen/

pixel