jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Семейде жаңа көпір салынады

Көпір
Көрнекі фото: piqsels.com

Семей қаласында 2024 жылға қарай жаңа көпір салынады. Ал ескі көпір жаяу жүргіншілер үшін қайта жасалмақ деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.

"Әуелде ескі көпірдің тіректерін қалдыру жоспарланған болатын. Аралық құрылымды ауыстырғанмен, тіректердің су асты бөлігін қарастырған кезде көпірдің жүк көтергіштігі мен қызмет ету мерзіміне әсер ететін ақаулар анықталды. Осылайша, жақын жерде жаңа көпір салу туралы шешім қабылдадық. Ал ескі көпір жаяу жүргіншілер үшін қайта жасалады. Онда веложол салынып, жылу желілері жүргізіледі. Жоба әзірленіп, қазір сараптамадан өтуде. Сараптамадан соң, республикаға өтінім береміз", – деді ол.

Жаңа көпір құрылысы 2 жылға жоспарланған. Яғни, 2024 жылға қарай қалада жаңа көпір пайда болады.

"Аспалы көпірге келетін болсақ, онда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда жапондық компания көпірге зерттеу жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша асфальтбетон жабынын жөндеу бойынша қажетті шаралар қабылданады", – деді қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Еске салсақ, Семейде Ертіс өзенінің жағасы қоқыс төгетін полигонға айналған. Тіпті үйілген тұрмыстық қалдықтар өзенге қосылып, су ластана бастаған.

Көктем шыққалы бері Ертіс өзенінің деңгейі көтеріле бастаған. Салдарынан жағада жатқан тұрмыстық қалдық тікелей өзенге қарай кетіп жатыр. Арасында күл-қоқыс та бар. Су бетінде қалқыған пластик құтылардан көз сүрінеді.

Семейде жаңа көпір салынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.