Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ: Коронавирустан көз жұмғандар статистикалық мәліметтерден екі-үш есе көп

Опубликовано:

Тәжвирус және карантин
Фото: NUR.KZ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2020 жылдың аяғында коронавирустан көз жұмғандар саны кем дегенде 3 миллион адамды құрады. Алайда көз жұмғандар саны бұл ресми мәліметтерге қарағанда 1,2 миллионға көп деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары өздерінің кезекті жылдық есебінде өлім жағдайларының нақты көрсеткіштері ресми мәліметтерге қарағанда екі-үш есе жоғары болуы мүмкін деген қорытындыға келді. ДДСҰ кейбір елдер көз жұмғандар санын жүйелі және нақты бағалай алмайтынына назар аударады, сондықтан олар болжамды есептеулермен олқылықтарды толтыруға мәжбүр. Оларды әртүрлі статистикалық әдістерді қолдана отырып, сарапшылардың пікірі мен нақты деректерді қолдана отырып жасайды.

Өлім жағдайларының санын неғұрлым дәйекті ету үшін ДДСҰ Сovid-19-дан, оның ішінде инфекцияның жанама әсерінен болған өлім жағдайларын бағалаудың жалпы әдістерін жасайтын арнайы кеңесшілер тобын құрды. Топтың құрамына әлемнің әр түрлі елдерінен жетекші демографтар, эпидемиологтар, деректер және статистика бойынша мамандар кірді.

Сарапшылар аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, әр ел үшін есептеу моделін жасады және 2020 жылы тіркелмеген өлім жағдайларының саны Солтүстік және Оңтүстік Америкада 1,34-1,46 млн, ал Еуропада 1,11-1,21 млн. Сәйкесінше ресми мәліметтерден 60% және 50%-ға жоғары. АҚШ өткен жылдың наурызынан бастап 570 мыңнан астам адам көз жұмғаны хабарлады, бірақ іс жүзінде Вашингтон университетінің мәліметі бойынша 900 мыңға жуық. Үндістандағы нақты статистика ресми деректерге қарағанда үш есе жоғары. Айта кетсек, Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 165 млн 874 мың 001 адамнан анықталды. 3 млн 438 мың 086 науқас көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913852-ddsu-koronavirustan-koz-zumgandar-statistikalyq-malimetterden-eki-us-ese-kop/

pixel