Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті індет: Қазақстанның бір өңірі «қызыл» аймақтан шықты

Опубликовано:

қызыл аймақ
Көрнекі фото: 24.kz

Коронавирус жағдайына байланысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының соңғы деректері жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

23 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұр.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.

Айта кетерлігі, Қазақстанда қауіпті індет әлі де сейілмей тұр. Өткен тәулікте 2167 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тесті арқылы белгілі болды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 322,

Алматы қаласында - 519,

Шымкент қаласында - 63,

Ақмола облысында - 135,

Ақтөбе облысында - 82,

Алматы облысында - 143,

Атырау облысында - 86,

Шығыс Қазақстан облысында - 93,

Жамбыл облысында - 38,

Батыс Қазақстан облысында - 91,

Қарағанды облысында - 349,

Қостанай облысында - 41,

Қызылорда облысында - 19,

Маңғыстау облысында - 50,

Павлодар облысында - 80,

Солтүстік Қазақстан облысында - 13,

Түркістан облысында - 43 адам қауіпті індеттің құрығына іліккен.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 373 182-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913912-qauipti-indet-qazaqstannyn-bir-oniri-qyzyl-aimaqtan-syqty/

pixel