RU

Қазақстанда алдағы уақытта 40 градусқа дейін күн ысиды

Ауа райы
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде алдағы уақытта 40 градусқа дейін күн ыси түспек. Синоптиктер алда келе жатқан үш күнге ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.

25-26 мамыр күндері Қазақстан аумағында нағыз жаздың ауа райы сақталады. Оңтүстіктен келген жылы әрі құрғақ ауа массасы ыстық әрі құрғақ ауа ағымын қалыптастырады" , – дейді синоптиктер.

Синоптиктердің болжамынша, батыста ауа температурасы +30, +39 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік өңірлерде термометр бағаны күндіз +32, +38-ді көрсетсе, оңтүстік өңірлерде +40, шығыста +30, +36 градус болады.

"Дегенмен 27 мамырдан бастап батыс пен солтүстік аймақтарға батыс Еуропадан антициклон келеді. Соның әсерінен бұл аймақтарда ауа температурасы +25, +33-ке, ал солтүстікте +18, +28 градусқа дейін төмендейді" , – деп атап көрсетті мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914091-qazaqstanda-aldagy-uaqytta-kun-40-gradusqa-deiin-ysidy/