Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда мектеп автобусы жол апатына ұшырады: Балалар зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Автокөлік
Фото: instagram.com/oleg.tdk

Талдықорғанда мектеп автобусы жеңіл автокөліктермен соқтығысып қалды. Жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның бесеуі бала. Оқыс оқиғаға қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрлардан жеңіл автокөлікпен соқтығысқан мектеп автобусын, бірнеше жедел жәрдем мен полицейлер көлігін байқауға болады. Автор жантүршігерлік жол апаты Көктал (Бугор) ауданында болғанын айтады.

"Зардап шеккендер болмаса екен. Бірнеше жедел жәрдем көлігі тұр",- делінген жазбада.

Алматы облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бүгін, 24 мамыр күні сағат таңғы 8 шамасында болғанын хабарлады. Жол апатынан бес оқушы мен үш ересек адам зардап шеккен.

"Isuzu автобусын 60 жастағы ер адам басқарған. Ол оқушыларды жергілікті мектепке апара жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұрылыста жүргізуші қарсы келе жатқан Audi автокөлігін өткізбеген. Ал жеңіл көліктің рөлінде Ескелді ауданының 25 жастағы тұрғыны болған. Салдарынан инерция бойынша автобус қиылыста тұрған Mazda автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан 8-ден 16-жасқа дейінгі бес оқушы зардап шекті. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал Audi жүргізушісі мен екі жолаушысы (56 жастағы Талдықорған тұрғыны және 23 жастағы Алматы тұрғыны) тиісті медициналық мекемеге жатқызылды.

Оқиға орнына келген полицейлер жедел жәрдем бригадаларына жарақат алғандарды эвакуациялау мен оқиғаны құжаттандыруға көмектесті", - деді ведомствода.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345- бабы 1- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914120-taldyqorganda-mektep-avtobusy-zol-apatyna-usyrady-balalar-zardap-sekti-video/

pixel