jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Онлайн казино: Грузияның екі азаматы Алматыда заңсыз бизнес ұйымдастырған

Компьютерлік клуб
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел-тергеу шаралары барысында компьютерлік клуб қызметі түрінде заңсыз ойын бизнесін бірнеше рет ұйымдастыру фактісі анықталды.

"Бұл мекеме ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңының нормаларына қайшы жұмыс істеген. Іс - шаралар барысында көлеңкелі айналымнан "онлайн казино" үшін тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшаларымен, атап айтқанда ставкаларды қабылдау, ұтыстарды есептеу және беру функцияларын қолдайтын онлайн құмар ойындары бар 42 ойын компьютері тәркіленіп алынды",- деп хабарлады Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін осы мекенжайда 62 ойын компьютері мен 3 ойын терминалы тәркіленіп, осы тұлғалар ұйымдастырған ойын залының заңсыз қызметінің жолы кесілген болатын.

"Грузияның екі азаматы ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлімі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде табыс табумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4,6 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп атап өтті басқармадағылар.

Бұдан басқа, сотта заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайды жалға берушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу қарастырылуда.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті "Стоп-ойын" жедел-профилактикалық шарасы аясында қала аумағындағы заңсыз ойын орындарын жою үшін рейд жүргізіп жатыр.

Онлайн казино: Грузияның екі азаматы Алматыда заңсыз бизнес ұйымдастырған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.