Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі облыстардың бірінде алдағы күндері карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Опубликовано:

Тұрғын
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қызылорда облысында алдағы күндері карантин талаптары күшейтілуі мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен тәулікте облыста 43 адам коронавирус жұқтырған. Осылайша облыста қатерлі індетке шалдыққан тұрғындар саны 6490 адамға жетіп отыр. Салдарынан өңір коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші бойынша елімізде қайтадан "сары" аймаққа енген.

"Бүгінде инфекциялық стационарда 359 науқас ем алуда. Ал жансақтау бөлімінде 44 адам жатыр. Көпшілік арасында коронавирус белгісін дәрігерге хабарламай, үй жағдайында өз бетінше емделіп жатқандар кездесуде. Сондықтан тұрғындардан ауру белгілері байқалған сәтте дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіздер деп сұраймыз", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Еске салсақ, бұған дейін "коронавирустан ектірген екпең чипке айналады" деп көпті адастырған ер адамның басы дауға қалуы мүмкін екенін жазған едік. Эпидемиологтар "вакцина салған жерге магнит жабысады" деп елді дүрліктірген адамды жауапқа тартуды сұрады.

Одан бөлек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 74-сессиясының ашылуында ел күтпеген мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз. ДДСҰ алдағы уақытта ковидтен де қауіпті вирус пайда болатынын хабаралаған.

Ұйым басшысының пікірінше, вирустармен күрес мемлекеттердің бәсекеге түспей, керісінше бір-бірімен ынтымақтастықта болуы керектігін көрсетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914174-elimizdegi-oblystardyn-birinde-aldagy-kunderi-karantin-talaptary-kuseitilui-mumkin/

pixel