ДДСҰ: Ковидтен де қауіпті вирус пайда болады
Опубликовано:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 74-сессиясының ашылуында ел күтпеген мәлімдеме жасады. ДДСҰ алдағы уақытта ковидтен де қауіпті вирус пайда болатынын хабаралады деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Ерте ме, кеш пе адамзат жаңа пандемиямен бетпе-бет келеді, ол қазіргіден қауіптірек болады. Бұл вирусқа қарағанда едәуір жұқпалы және өлім-жітімді көбейтетін тағы бір вирус пайда болады" , - деді деп мәлімдеді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус 74-сессияның ашылуында.
Ұйым басшысының пікірінше, вирустармен күрес мемлекеттердің бәсекеге түспей, керісінше бір-бірімен ынтымақтастықта болуы керектігін көрсетіп отыр.
"Шындығында, біздің алдымызда таңдау тұр: бірлесіп әрекет етеміз немесе қорғансыз болып қаламыз", - деп аяқтады Гебрейесус.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 24 мамырдан 1 маусымға дейін виртуалды форматта өтеді. Оның басты тақырыбы – COVID-19 пандемиясына қарсы күрес және денсаулық сақтау саласындағы жаңа жаһандық төтенше жағдайлардың алдын алу. Ассамблея жұмысына бүкіл әлемнен делегациялар қатысып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914169-ddsu-kovidten-de-qauipti-virus-paida-bolady/