Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да анасын өлімші етіп сабаған ер адам сот алдына келді

Опубликовано:

"Баратын жері жоқ": Маман балалары ішіп келіп, ойран салатын қарттарға орталық ашып беруді сұрап отыр
Көрнекі фото: piqsels.com

Риддерде қарт анасын өлімші етіп сабап тастаған 60 жастағы ер адамға сот үкімі шықты деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ер адамға анасының жасаған ескертуі ұнамай қалса керек, осыдан кейін ол қарт әжейге жұдырық ала жүгірген. Оның ішінен теуіп, басынан ұрған.

Жәбірленуші оқиға болған күннің ертесіне дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Ақ халаттылар жәбірленушінің жағдайын көргенде жағасын ұстаған. Қарт ананың бас сүйек-ми жарақатын алғаны, бірнеше жерден сүйегі сынғаны, өкпесіне зақым келгені және денсаулығына өзге де зиян келгені анықталған.

Алған жарақаттарының салдарынан зардап шегуші қайтыс болған.

Ұлы өз кінәсін мойындап отыр. Ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Риддер қалалық сотының судьясы Айнұр Рахимова атап өткендей, үкім шығару кезінде бірқатар жағдайлар ескерілген.

"Сот сотталушының жасын, кінәсін мойындауын, бұрын сотталмағанын, жәбірленушілердің пікірін, тараптардан келісім жасасуға ерікті екендіктерін ескере отырып, процессуалдық келісімнің шарттарына сәйкес, ер адамды алты жылға бас бостандығынан айырды", – деп түсіндірді ол.

Үкім заңды күшіне енген.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында бір жасар баласының көзінше бұрынғы әйелін өлімші етіп сабаған ер адам елді шошытқан еді.

Ерлі-зайыптылар ажырасып кеткендіктен, заң бойынша әкесі аптасына екі рет ұлымен кездесуі тиіс. Сондай кездесулердің бірінде ер азамат бұрынғы әйелін балағаттап, көліктің есігін кілттеп, қорлай бастаған.

Келіншектің жалынып-жалбарынғанына қарамастан, бір жасар баланың көзінше оны аяусыз ұрып, басына, бет-жүзіне ауыр жарақаттар салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914189-sqo-da-anasynyn-olimsi-etip-sabagan-er-adam-sot-aldyna-keldi/

pixel