RU

Цой елімізде коронавирустың таралуы бойынша 3 жаңа болжамын айтты

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн-отырысында елдегі вакцинация белсенділігін ескере отырып, эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірнеше болжамын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларына арналған болжамын ұсынды.

Оның сөзінше, пессимистік сценарий бойынша вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, маусым-қыркүйек айларында ауру жұқтырғандар шамамен 95 000 адамды құрайды.

  • Реалистік сценарий бойынша вакцинация тиімділігі кем дегенде азаматтардың 80 пайызын құраған кезде, коронавирус жұқтырғандар шамамен 65 000 адамды құрайды.
  • Оптимистік сценарий бойынша азаматтардың кем дегенде 90 пайызы вакцина салдырса, ауру жұқтырғандар саны шамамен 61000 адамды құрайды.

"Сценарий азаматтардың вакцина салдыру белсенділігіне байланысты болады. Осыған орай, вакцинациямен қамтуды арттыру үшін мемлекеттік органдар вакцинациямен қамтуды ұлғайту және ақпараттық жұмыстар жүргізу бойынша шаралар қабылдауы керек", – дейді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, Қазақстан қазіргі уақытта коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймақта орналасқан.

Оған қоса, Цой Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары "қызыл" аймақта тұрғанын атап өтті. Батыс Қазақстан облысы "қызыл" және "сары" аймақтың ортасында.

"Ауру жұқтырғандар санының төмендеуі, эпидемиологиялық ахуалдың біртіндеп тұрақтала бастағаны байқалады. Соңғы аптада коронавирус жұқтырған науқастардың саны 4000-ға азайды. Соңғы айда аурудың таралуы 20 пайызға төмендеген. 5 мамырдан бастап бір тәулікте жазылғандар саны ауру жұқтырғандар санынан асып түсті, бұл жағдайдың тұрақталып келе жатқанын білдіреді", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914226-coi-elimizde-koronavirustyn-taraluy-boiynsa-3-zana-bolzamyn-aitty/