Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тамақ іше алмадым": Елордада өкпесінің 90 пайызы зақымданған науқас қалай жазылды

Опубликовано:

Дәрігерлер
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанның 30 жастағы тұрғыны мамыр айының басында өкпесінің 90%-ы зақымдануымен №3 көпбейінді қалалық ауруханаға түсті. Дәрігерлердің жұмысының нәтижесінде науқас бүгін емделіп шықты деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

4 мамырда 30 жастағы ер адам ковидтік аурухана ретінде қайта бейімделген №3 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылған. Науқас ауыр жағдайда реанимацияға 90% өкпе зақымдануымен стационарлық емге жатқызылған болатын.

Науқастың айтуынша ауру біртіндеп өрши бастаған. Екі-үш күннен кейін науқаспен байланыста болған әйел де сол ауруханаға жатқызылыпты.

"Алдымен мен үйде емделуге тырыстым. Өзін-өзі емдеу ауыр жағдайға әкелді. Екі күннен кейін менің туысымды емдеуге жатқызды, оған да COVID-19 диагнозы қойылды", - дейді науқас.

Ер адам жансақтау бөліміндегі медбикелер мен санитарларға ерекше алғыс айтуда.

"Санитарлар мені қасықпен тамақтандырды, себебі мен өзім дем ала алмадым, тамақ іше алмадым. Соның бірі – Азия, есімі есімде қалды. Тағы екі санитар бар еді, аты мен тегі есімде қалмапты. Өкінішке қарай, мен оларды көшеде көрсем танымаймын, өйткені олар ЖҚҚ-мен жұмыс істейді – ештеңе көрінбейді", - дейді ер адам.

Дәрігерлер
Фото: astana.gov.kz

Науқас медицина қызметкерлерінің мұндай мейірімді, қамқор қарым-қатынасы болмаса, сауыға алмас едім дейді.

"Бізді емдеуде медбикелер де, дәрігерлер де маңызды рөл атқарды. Олардың бәрі өте үйлесімді және бірлесе отырып жұмыс істейді. Сол себепті осы нәтижеге қол жеткізді. Әрине, көп нәрсе басшылыққа байланысты. Дұрыс ұйымдастыру көп нәрсені шешеді. Мен жұмысты орынды ұйымдастырған № 3 КҚА директорына алғыс білдіремін. Менің емделіп шығуыма және сауығуыма үлестерін қосқан медицина қызметкерлерінің бәріне алғысымды білдіремін", - деді науқас.

Кардиолог Дарига Біләлова науқастың жағдайы өте ауыр болғанын атап өтті. Ақ халаттының айтуынша, штаттан тыс мамандармен емдеу тактикасы бойынша кеңес бірнеше рет өткізілді.

"Ерекше ауыр жағдай болды. КВИ тек өкпеге ғана емес, бауырға, бүйрекке және науқастың жүрегіне қатты әсер етті. Науқас дұрыс режимді ұстанып, біз тағайындаған емдеуді одан әрі сақтаса, онда ол толық қалпына келеді деп сенеміз", - деп толықтырды орталық дәрігерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914292-tamaq-ise-almadym-elordada-okpesinin-90-paiyzy-zaqymdangan-nauqas-qalai-zazyldy/

pixel