Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мас күйде көлік тізгіндеген мектеп түлегі жол апатын жасады

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: yugtimes.com

Алматы облысы Үштөбе қаласында шетелдік көлікті басқарған мектеп түлегі скутермен соқтығысып қалды. Жол апатынан 20 жастағы қыз зардап шекті. Кәмелет жасқа толмаған баланың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол апатына қатысты хабарлама әлеуметтік желіде пайда болды.

Дәлірек айтқанда, 25 мамыр күні Үштөбеде жергілікті мектептердің бірінің түлегі Audi көлігімен мас күйде қалада жүрген. Салдарынан ол рөлді басқара алмай, мотоцикл жүргізушісін қағып кеткен.

"Қаратал ауданында кәмелет жасқа толмаған 11 - сынып түлегі алкогольді мас күйінде 2002 жылғы жігіт басқарған мопедті қағып кетті. Қазіргі уақытта кәмелет жасқа толмаған бала мен зардап шегуші орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген жазбада.

Ал Алматы облысы полиция департаменті жол апатынан мопедтің 20 жастағы жолаушысы ғана зардап шеккенін мәлімдеді. Жол апаты 25 мамыр күні 22:10 шамасында болған. Тәртіп сақшыларының дерегінше, Audi көлігінің 17 жастағы жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен келе жатып, Талдықорғанның 19 жастағы тұрғыны басқарған скутермен соқтығысуға жол берген.

"Жол апаты салдарынан көптеген дене жарақатын алған қыз Үштөбе қаласының ауруханасына жеткізілді. Басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Кәмелет жасқа толмаған жүргізушінің орта деңгейде мас болғаны анықталды. Ол танысының көлігімен қыдырып жүріп, жол апатына себепкер болған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр",- дейді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен қызға тез арада ота жасалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914520-almaty-oblysynda-mas-kuide-kolik-tizgindegen-mektep-tulegi-zol-apatyn-zasady/

pixel