RU

Барлығы тамаша: биржа, молл және банк смартфоныңызда

Jusan Bank
Фото: Jusan Bank

Смартфоныңызда неше қосымша орнатылған? Расында солардың бәрін пайдаланасыз ба? Бәлкім, артығын өшіру керек шығар? Бұл, ең азы, құрылғыңызда орын босатуға және ең көбі – бір қосымша бірден бірнеше маңызды, күнделікті міндеттерді жабатындай оны пайдалы және әмбебап құрал ретінде толтыруға мүмкіндік береді.

Азық-түлік жеткізу, ақша аударымы, әуе билеттерін сатып алу – бұның барлығын смартфоныңыздағы Jusan суперқосымшасының белгішесінің астына сыйғызуға болады.

Jusan мобильді қосымшасын суперапп ететін:

  • Ыңғайлы банкинг

Jusan қосымшасы - бірінші кезекте қажетті барлық опциялары бар ыңғайлы банктік сервис. Бұл жерде онлайн режимде Jusan Bank өнімдері, оның ішінде дебеттік және кредиттік карталарға тапсырыс беру, кэшбэгі бар кредит ресімдеу және тиімді пайызбен депозит ашу қолжетімді.

Бұрынғыдай өзіңізге ыңғайлы уақытта кез келген төлемдерді оңай жасау, телефон нөмірі бойынша ақша аудару, валюта айырбастау және басқа да мүмкіндіктер қолжетімді. Және бұрындары банк бөлімшесіне барудың орнына бірнеше рет пернелер басу біз үшін тек жайлылық пен уақыт үнемдеу мәселесі болса, қазіргі жағдайда бұл қауіпсіздігіңізге деген жауапкершілік болып саналады.

  • Тауарлар мен қызметтер гипермаркеті

Қосымшамен бірге пайдаланушыларға енді банкке ғана емес, дүкендерге де барудың қажеті жоқ. Бұның барлығы Jmart брендімен танымал маркетплейстің жаңа апп нұсқасына түбегейлі өтуінің арқасында. Қосымшада бұл банкпен «көршілес» үлкен молл. Мұнда барлығы бар! Тіпті сізге түрлі және өзара байланысты емес санаттардан тауарлар қажет болса да.

Қоржыныңызға электроника да, азық-түлік те, дәріханадан дәрумендер де оңай сыйып кетеді. «Қызметтер витринасында» да алуан түрлі заттар табуға болады – спорт, денсаулық, медицина, сұлулық, бос уақытыңызды өткізуге арналған және басқалары. Басқа танымал маркетплейстерге қарағанда, Jmart-та кез келген банктің картасымен сауда жасауға болады.

  • Арнайы жеңілдіктер мен бонустар

Бұл жеке тақырып! Суперапп пайдалы функционалмен ғана емес, ақша есебін жүргізуді жақсы көретіндерге ұнайтыны, бұнда анық бонустармен жиынтықталған. Маркетплейстің тиімді ұсынысы – spa-салонға бару, азық-түлік, жиһаз немесе тұрмыстық техника сатып алу болсын, осы жерде онлайн оңай ресімделетін 24 айға артық төлемсіз бөліп төлеу. Маусымдық акциялар да жиі өткізіліп тұрады.

  • Жеңілдікпен сақтандыру

Қосымша арқылы 10% жеңілдікпен қолдануға болатын тағы бір позиция – сақтандыру. Нақтырақ айтсақ, бұл КҚИ АҚЖМС полисін немесе басқаша айтқанда, міндетті автосақтандыруды ресімдеу мүмкіндігі. Болашақта сақтандыру өнімдерінің сұрыпталымы міндетті түрде кеңейтілетін болады, әзірге ең қажетті минимум қамтамасыз етілген.

  • Қолжетімді инвестиция жасау

Пассивті табыс іздеп жүрген адамдарға пайдалы сервис. Әрине, банктік депозит – ең түсінікті, қолжетімді және сенімді ақша жинақтау құралы. Алайда соңғы уақытта депозиттер бойынша мөлшерлеменің азайып, ал кейбір бағалы қағаздар бойынша табыстылықтың артуы ақша есебін білетіндердің назарын көбірек аударуда.

Инвестиция жасауды бастау үшін көп қаражат керек деп кім айтты? Бәрі әлдеқайда оңай – қазір кез келген адам инвестор бола алады, ал бірінші салым сомасы 100 теңге де бола алады!

  • Цифрлық оператордан мобильді байланыс

Қосымша арқылы Jusan цифрлық мобильді операторына да қосылуға болады. Welcome – бонус ретінде бірінші айда төлеміңіз 0 теңге болады. Одан кейінгі кезеңдерде тегін болуы мүмкін – ол үшін банктік картаңызды белсенді түрде қолдансаңыз жеткілікті.

Карта бойынша ай сайын 50 мың теңгеден жоғары сомаға қолма-қол ақшасыз операциялар жасаған жағдайда, келесі айға тегін тарифтік жоспар іске қосылады. Расында да, егер сим-карта мен банктік карта бір жүйенің элементтері болса, осындай жеңілдіктер болады.

Смартфоныңызды артық заттардан тазалап, Jusan мобильді қосымшасын жүктеу және оның барлық супер мүмкіндіктерін пайдалану үшін Google Play немесе App Store-ға кіруді ұмытпаңыз. Ертеңге қалдырмай, бүгін жасайтын уақыт келді!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914528-barlygy-tamasa-birza-moll-zane-bank-smartfonynyzda/