jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Шығыс Қазақстанда той өткізуге рұқсат берілгені рас па

той
Көрнекі фото: www.wedby.me/

Шығыс Қазақстан облысында той өткізуге рұқсат берілгендігі туралы ақпарат жалған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір аумағында той өткізуге рұқсат берілгендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстанда адам көп жиналатын салтанатты шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге болатындығы жайлы ақпарат тарап кетті. Бұл шындыққа жанаспайды. Аймақ бойынша тек Ashyq жобасына қатысатын банкет залдарына тек еске алу шараларын өткізуге рұқсат берілген" , - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін шектеулерді айналып өткісі келген жас жұбайлар 160 қонаққа әуеде той жасағанын жазған болатынбыз.

Шығыс Қазақстанда той өткізуге рұқсат берілгені рас па

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.