Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалаулым" мен "Қосылайық" жабыла ма: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

пульт теледидар
Көрнекі фото: КТК

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Қалаулым" мен "Қосылайық" бағдарламасын жабуға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін онлайн форматта өткен министрдің халыққа есеп беру кездесуінде осы мәселеге байланысты сұрақ қойылды.

"Қалаулым" мен "Қосылайық" сияқты бағдарламаларға қатысты министрліктің ұстанымы қандай? Неліктен бұл бағдарламалар жабылмайды? Оған қоса, бұл мәселе бойынша президенттің өзі пікір білдірген жоқ па?", – деді астаналық Сейітжаппар Әділет.

"Енді, бұл айта-айта жауыр болған мәселе ғой. Десе де, ақпарат министрлігінің кез келген бағдарламаны ұнамаса, жауып тастауға құзіреті жоқ. Заң бар. Ал сіз айтып отырған бағдарламалардың барлығы жекеменшік бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетіледі. Бірақ қоғамнан наразылық болғаннан кейін біз олармен сөйлесіп, нақты өз ұсыныстарымызды бердік. Жалпы, мұндай бағдарламалар рейтингке байланысты шығады. Енді, қоғамның бір бөлігі наразылық білдірсе, екінші бөлігі соны өліп-тіріліп қарайды", – дейді Балаева.

Осы орайда министр "Астарлы ақиқат" пен "Қалаулым" сияқты бағдарламалардың рейтингте көш бастап тұрғанын да атап өтті.

"Бұл дегеніміз, сұраныс бар. Халық көргеннен кейін БАҚ-тың иесі ол бағдарламаны ешқашан жаппайды. Сондықтан бәріміз жұмылып, халықтың мәдениетін, талғамын көтеруіміз керек. Егер осы мәселелер дұрыс жолға қойылса, халық ақ пен қараны ажырата білсе, сонда ғана ондай бағдарламалардың рейтингі төмендейді. Одан кейін жабылады", – дейді Аида Балаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914571-qalaulym-men-qosylaiyq-zabyla-ma-ministrlik-zauap-berdi/

pixel