Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Айтпаеваның ісі: Сот күдіктіні қамауға алуға санкция берді

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram / assel_ayt

Мамыр айының басында Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның ісі бойынша күдіктіге бұлтартпау шарасына санкция берілді. Азамат 15 шілдеге дейін қамауға алынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан сотының ресми сайтында хабарланды.

Елордалық сот Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты іс бойынша күдіктіні екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

"Қазіргі таңда, М. Грузия Республикасында жұмысқа орналастырамын деген сылтауымен пайдалану мақсатында А-ға қатысты мәміле жасады деп күдіктелуде, бұл абайсызда оның өліміне әкеп соққан (ҚК-нің 128-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы)", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Тбилисидегі үйлердің бірінің терезесі маңынан өлі күйінде табылған еді.

Кейінірек Грузияның 57 жастағы азаматы қамауға алынды. Елдің бас прокуратурасы оған қызды зорлап, өзін-өзі өлтіруге итермеледі деген айып таққан. Егер оның кінәсі дәлелденсе, онда ол алдағы 10 жылын колонияда өткізуі мүмкін.

Желіде марқұм мен күдіктінің арасындағы сөйлесудің жазбасы пайда болды. Жазбада ер адамның қызға қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын естуге болады.

Дегенмен күдіктінің қорғаушысы бұл айыптаулармен келіспейтінін айтып, мәлімдеме жасады. Адвокат Лаша Шукакидзенің сөзінше, күдікті марқұммен жақсы қарым-қатынаста болған. Тіпті ол екеуінің үйленбек болғанын да айтқан.

Айта кетейік, қазақстандық полицейлер Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ата-анасының Бас прокуратураға жазған арызынан соң бойжеткенді шетелге жұмысқа шақырған туысы Мұрат Мейірбековті "Адам саудасы" бабымен қамауға алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914585-asel-aitpaevanyn-isi-sot-kudiktini-qamauga-aluga-sankciya-berdi/

pixel