RU

"Аяғымен кеткен кісі": БҚО-да қабылдау бөлімінде көз жұмған науқастың туысы жанайқайын айтты

жедел жәрдем көлігі11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Батыс Қазақстанда науқастарды қабылдау бөлімінде жас келіншек көз жұмды. Марқұмның туыстары бұған дәрігерлерді кінәлап отыр деп хабарлайды Астана арнасы.

Айтуынша, Жұлдыз Мусина аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. ПТР тест алынғаннан кейін алты сағат қараусыз жатып қалған.

Оны емдеуге ақ халаттылардың ешбірі асықпаған көрінеді. Таңертең түскен науқас кешкі сағат төртке дейін солай жатқан көрінеді.   

"Менің 40 жыл еңбек өтілім бар. Бірақ мен мұндай дәрігерді көрген жоқпын. Олар ұмытып кеткен жоқ. Бұл жай ғана оған салғырт қарау! Тек олар ол жас, өлмейді деп ойлады. Аяғымен кеткен кісі ғой. Тек дәрігерлер дұрыстап түсіндірмеді, дұрыстап айтпады, сол үшін дұрыс моральді қолдау болған жоқ. Шок болды, шоктан жүрегі тоқтап қалды", - дейді марқұмның туысы Гүлайым Сәнімова.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық ем-дом қабылданған алгоритмге сай жүргізілген. Жұлдыз Мусинаның ажалына не себеп болғанын анықтау үшін сот-дәрігерлік сараптама тағайындалған.

"Бекітілген алгоритмге сай, науқастан қабылдау бөлімінде ПТР тест алынды. Тыныс алуы қалыпты болған соң сол жерде қалдырылды. Бірақ түнде жағдайы күрт нашарлап, дәрігер-реаниматолог тексерді. Аман алып қалуға тырысқанымызбен, марқұм түнгі 01.45 дүние салды",- дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Келіншектің артында екі баласы қалды.

Авторы Е. Қарин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914621-ayagymen-ketken-kisi-bqo-da-qabyldau-boliminde-koz-zumgan-nauqastyn-tuysy-zanaiqaiyn-aitty/