Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индустриалды-техникалық колледжі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуға шақырады

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Шымкент қаласы "Индустриалды-техникалық колледжі"

Бүгінгі таңда жастарды еңбекке баулу, жұмысшы мамандығына тарту және оның имиджін көтеру – басты міндеттердің бірі. Оңтүстік өңіріндегі Индустриалды-техникалық колледж жергілікті білім алушылар үшін автомобиль көлігі, компьютерлік технологиялар, токарь және дәнекерлеу ісі, электромеханикалық аспаптар және автоматика салаларында білім алуға мүмкіндік береді. Олар қазіргі кезде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар болып табылады.

Өңіріміздің өндіріске қажетті, сапалы мамандар даярлайтын оқу орнын - білікті басшы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Исахметов Тілек Исахметұлы басқарады.

Дуальді оқыту жүйесін қолдану арқылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында көш басынан көрінген оқу орны кәсіби бағдарлау жұмыстарын мектептермен жүргізіп тығыз байланыс орнатқан. Республика көлемінде «Жас маман» жобасына іріктелген 180 колледждің қатарындағы оқу орнымыз халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи құралдармен жабдықталған құзыреттілік орталығын ашу арқылы колледжге оқуға түсуге үміттенген талапкерлердің қызығушылығын арттыру жоспарлануда.

Фото
Фото: Шымкент қаласы "Индустриалды-техникалық колледжі"

Республика көлеміндегі осы жоба негізінде қаржыландыратын үздік колледждер қатарына қосылу, бұл үлкен мүмкіндіктерге айқын жол ашады. Дәнекерлеу ісі, токарлық іс және бақылау өлшеу аспаптарының слесарьі мамандықтары бойынша шет елдің озық технологиялармен жабдықталған заманауи оқу-өндіріс шеберханалары, дәрісханалар мен зертханалардың болуы білім алушылар үшін керемет мүмкіндік. Соның негізінде әлемдік деңгейдегі білім беру стандарттарымен теңесіп, бәсекеге қабілетті маман даярлауға жол ашылады.

Бұл жоба аясында жоғарыда аталған мамандықтар бойынша жабдықтаулар ағымдағы жылы толық аяқталып,студенттер игілігіне жұмыс жасайтын болады. «Жас маман» жобасы аясында оқу орнымыз құзіреттілік орталығына айналатын болады. Бұл студенттердің WorldSkills чемпионатының республикалық, халықаралық кезеңдерінде өз шеберліктерін көрсетуге зор мүмкіндіктер береді.

Фото
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Колледж басшысы Тілек Исахметұлының айтуынша соңғы жылдары жастардың техникалық, жұмысшы мамандықтарды таңдауға белсенділік танытып жатқандығы қуантарлық жағдай. Колледжіміз оқу-материалдық базасы мен жоғары білікті инженерлік-педагогикалық құрамы бар, техникалық және кәсіптік білім беретін үздік білім ордасына айналып отыр.

Талапкерлерді қабылдау 9 және 11-сыныптар базасында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда колледжде 1400-ден астам студент білім алуда.

Фото
Фото: Шымкент қаласы "Индустриалды-техникалық колледжі"

Өңірлік «WorldSkills Shymkent – 2020» чемпионатында колледжіміздің студенттері «Дәнекерлеу технологиясы» «Сандық бағдарламамен басқарылатын токарлық іс» және «Дизельді қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша студенттеріміз I-ші орыннан көрініп Республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Колледждің педагогикалық ұжымы жоғары шығармашылық көрсеткіші бар, өз мамандығын сүйетін, жаңаша оқуды қалайтын, білім беру қызметін жүзеге асыратын оқу, тәрбие, әлеуметтік-гуманитарлық функцияларды орындайтын жоғары білікті мамандар еңбек етуде.

Фото
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Колледж ұжымы өзіне жүктелген миссияны орындау – тез дамып келе жатқан қоғам мен елдің қажеттіліктеріне сәйкес келетін сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етіп келеді. Сондықтан, білім алушыларға дұрыс кәсіби бағдар беру негізінде оқу орнын дұрыс таңдауға жағдай жасау қажет. Өйткені, еліміздің болашағы - индустриясы дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қолында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914628-industrialdy-texnikalyq-kolledzi-enbek-narygynda-suranysqa-ie-mamandyqtar-boiynsa-bilim-aluga-saqyrady/