Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баспана хит" пен "7-20-25" не үшін тоқтатылды: Мамандар пікір білдірді

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі фото: Newtimes.kz

Елімізде баспаналы болуға мүмкіндік беретін "Баспана хит" пен "7-20-25" тоқтатылатын болды. Төмен пайызбен несие алуға болатын мемлекеттік бағдарламалардың не үшін әріқарай жалғасын таппайтынын мамандар саралап көрді деп хабарлайды Хабар 24.

Баспана мәселесі елде қашаннан өзекті. Пәтерге қол жеткізе алмай жүрген жұрт әлі көп. Мәселен, 2000 жылдардың басында үй кезегінде тұрғандар саны көбеймесе, азаймаған.

Тап осы кезекте тұрғандарға "Баспана хит" және "7-20-25" бағдарламалары мүлде тиімсіз дейді сарапшылар. Себебі, екеуі де табысы орта деңгейден жоғары азаматтарға арналған. 

"Мемлекетке көп үміт арта беруге болмайды. Рас, халықтың басым бөлігі өз қаржысымен баспана сатып ала алмайды. Мүмкіндігі жетпейді. Үнемі сұрай беруді де тоқтатқан жөн. Бұл бағдарламалар қабылданған жылдары Қазақстанда 400 мың адам үй алу кезегінде тұрған.

Қазір көрсеткіш 600 мыңға жетті. Көріп тұрғаныңыздай, баспанаға мұқтаждар саны азайған жоқ, керісінше көбейіп кетті. Сондықтан ең алдымен халықтың жағдайын жақсарту керек. Өзі тапқан қаржыға баспана алатындай жағдайға жетуге тиіс", - дейді әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Мағбат Спанов.

Мамандар "Баспана хит" бағдарламасы бастапқы мақсатына қол жеткізгенін, алайда "7-20-25" нарыққа көпшілік күткендей өзгеріс әкелмегенін айтады. Кейінгі 4 жылда тек 28 мың адам пәтерлі болған. Қаралған қаражаттың тек 330 млрд теңгесі игерілген.

"Үкімет біздің бұл ұсынысты қолдағанымен, Ұлттық банк тарапынан еш қозғалыс болмады. Неліктен екені түсініксіз. "7-20-25" бағдарламасына 1 трлн теңге қаражат бөлінді. Игерілу барысын өздеріңіз де көрдіңіздер. Бұл бағдарлама негізінен құрылысы толық аяқталған және бірінші нарықтағы үйлерге арналған.

Ал оны сатып алуға табысы орта деңгейдегі халықтың қаражаты жетпейді. Сәйкесінше, түпкілікті мақсатына жеткен жоқ деп ойлаймыз", - дейді Қазақстан құрылыс компаниялары қауымдастығының төрағасы Виктор Микрюков.

Дегенмен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдықов бүгінгі күнге дейін 82 мыңнан астам адам аталған 2 бағдарлама бойынша несие алғанын, ипотеканы қолжетімді етіп, тұрғындардың тұрғын үй мәселесін шешуге қол жеткізгендерін атап өтті.

"Жыл соңына дейін "Баспана хит" бағдарламасымен қаржыландыру жалғасады. Оған жұмсалатын қаржы, яғни индикативті көрсеткіш 600 млрд теңге болатын. Соның 501 миллиарды игерілді. Демек, қалған қаражатқа банктер халықтан өтініш қабылдап, баспана алуға көмектеседі", - дейді ол.

Айта кетейік, тұрғын үй алуға қатысты елімізде өзге де мемлекеттік бағдарламалар бар. Сарапшылардың айтуынша, енді үкімет солардың шартына өзгеріс енгізуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914639-baspana-xit-pen-7-20-25-ne-usin-toqtatyldy-mamandar-pikir-bildirdi/

pixel