Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар: Алдағы бес жылда адамзатты рекордтық ыстық жыл күтіп тұр

Опубликовано:

Аптап ыстық
Көрнекі сурет: pixabay.com

БҰҰ метеорологтары алдағы бес жылдың бірінде рекордтық ыстық жыл болатынын айтып, дабыл қақты деп хабарлайды ТАСС.

Аптап ыстық болатын жылы орташа температура 2016 жылдың рекордтық ыстық температурасынан әлдеқайда жоғары болады.

Бұл туралы бейсенбі күні Женевада БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) өкілі хабарлады.

"2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта кем дегенде бір жыл ең жылы болатынына 90% ықтималдық бар, осылайша 2016 жылдағы аптап ыстықтың рекордтық көрсеткіші жаңарады", - деп атап өтті ДМҰ өкілі.

Ұйым мұндай болжамды ДМҰ-ның "жетекші орталығы" қызметін атқаратын Ұлыбританияның метеорологиялық қызметі жүргізген зерттеудің негізінде жасап отыр.

Зерттеу авторлары құрлық пен теңіздің орташа беткі температурасы ағымдағы бесжылдықтың әр жылында индустрияға дейінгі дәуірдің температуралық мәндерінен кем дегенде бір градус Цельсийге жоғары болады деген тұжырым жасады.

Осы бес жылда температура индустрияға дейінгі деңгейден 1,5 градусқа асып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, мамандар жоғары ендік аймақтарында және Сахель өңірінде ауа райының дымқыл болатынын, сондай-ақ Атлантикадағы циклон белсенділігінің артуын болжайды.

ДМҰ бас хатшысы Петтери Таалас аптап ыстықтан мұздар еріп, теңіз деңгейі көтерілетінін, табиғат апаттарының көбейетінін айтып, экология мәселесіне баса назар аудару керектігін ескертуде.

Сондай-ақ, ДМҰ ауа райы мен климаттық бақылаулар тарихындағы ең жылы үштікке енген 2020 жылы орташа температура индустрияға дейінгі дәуірдің бастапқы мәндерінен 1,2 градусқа жоғары болғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914693-mamandar-aldagy-bes-zylda-adamzatty-rekordtyq-ystyq-zyl-kutip-tur/

pixel