Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Әселді сатқан болуы мүмкін": Мұрат Мейірбековті "адам саудасы" бабымен қамауға алды

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Instagram / assel_ayt

Әсел Айтбаеваны шетелге жұмысқа шақырған туысы Мұрат Мейірбеков 16 мамырда темір торға тоғытылған. Оны "адам саудасы" бабымен қамауға алып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Марқұмның жақындары "Әселді Грузияға алып кетіп, сатқан Мұрат" деп есептейді. Сол себепті, қазақстандық тергеу соты күдіктіні "адам саудасы" бабымен қамауға алған.

26 жастағы Әсел Айтбаева Грузияда көлік сататын компанияда жұмыс істеген. 5 мамыр күні оның денесі Тбилисидегі көпқабатты үйдің ауласынан табылды. Бойжеткен қайтыс болар алдында Бесик Тордуаның үйінде болған екен.

Бүгінде 57 жастағы азамат қызды зорлады және өлімге итермеледі деген күдікпен қамауға алынған. Грузия прокуратурасы Мейірбековті де сырттай зорлау фактісімен айыптап жатыр.

Десе де Мұраттың адвокаты айыптаушы тараптың ешбір шешімімен келіспейді. Қорғаушының пікірінше, тергеу ісінде, әсіресе "адам саудасы" бойынша еш дәлел жоқ.

"Маған дәлелдеп берсінші, тергеу органдары немесе прокуратура, "Тордуа Бесик ақша беріпті, Мейірбеков алыпты, ақшаны алғаннан кейін қашып кетіпті" деп, маған дәлелдесін. Әңгіме жоқ. Ары қарай шағым да, ештеңе де жазбаймыз. Тағы да айтамын, мынаның бәрі ертегі. Ол енді менің субъективті көзқарасым. Еш негізге сәйкес келмейді", - дейді Мейірбековтің адвокаты Шыназбек Маханов.

Еске салсақ, бұған дейін Грузияға барған қазақстандық тергеушілер Әсел Айтпаеваның өлімі бойынша адамдардан жауап алуды бастағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914850-aseldi-satqan-boluy-mumkin-murat-meiirbekovti-adam-saudasy-babymen-qamauga-aldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif