Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында мектепте директор мен орынбасары арасындағы "махаббат" камераға түсіп қалған

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде мектеп директорының міндетін атқарушы мен орынбасарының арасындағы "махаббат" бейнеленген видео көптің талқысына түсті. Бұл жайт Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы мектептердің бірінде болған. Өңірлік білім басқармасы жағдайдан хабардар екенін, мектеп директоры міндетін атқарушыға қатаң сөгіс жарияланғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны Маржан Әуезова есімді желі қолданушысы Facebook парақшасында жария етті. Оның сөзінше, видеодағы жағдай мектеп директоры міндетін атқарушының кабинетінде болған.

"Директор және оқу ісінің орынбасары екеуінің арасында "Служебный роман" жайлы мектеп мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналардың хабары болған. Директор және оқу ісінің орынбасары арасындағы мектеп қабырғасында болып жатқан "ашық махаббаты" мұғалімдер мен оқушылардың шамына тиген. 25 сәуірде екеуінің арасында болған "ашық махаббат" видеотаспаға ілінген. Бұл жағдайды Қамқоршылық кеңесінің төрағасы біле тұра Білім және ғылым министрлігіне хабарламаған.

Достар, мектеп директоры және оқу ісінің орынбасары осылай үлгі көрсетіп жүргендері дұрыс деп ойлайсыздар ма? Біздің болашақ жастарымызға қандай білім, тәрбие көрсетіп жүргендері?", - деп жазды ол.

Видеодағы жағдайға қатысты Жамбыл облысы білім басқармасы пікір білдіріп, олардың отбасын құрғалы жүргенін жеткізді.

"Ол кісі Мойынқұм ауданы, Сарыөзек ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі директорының міндетін уақытша атқаруда. Бейнероликтегі мәселе бойынша ол адамға 2021 жылдың 26 мамырында Мойынқұм аудандық білім бөлімінің №140 бұйрығымен "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

Директордың міндетін атқарушы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары отбасын құрмаған. Бір-бірімен отбасын құру ниеттері бар", - деп жауап берді ведомство өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914906-zambyl-oblysynda-mektepte-direktor-men-orynbasary-arasyndagy-maxabbat-kameraga-tusip-qalgan/

pixel