Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жоғалған жеті адамның үшеуі табылды (видео)

Опубликовано:

Таулы аймақ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін "Қазавиақұтқару" тікұшағымен аэровизуалды ұшу барысында Сайрам-Өгем ұлттық саябағында жоғалған жеті адамның үшеуі табылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалған туристерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалғандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетуде. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық саябақ қызметкерлері мен жоғалғандардың туыстары, сондай-ақ, екі Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.

Айта кетейік, Төле би ауданы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық саябағы аумағында жеті адамның жоғалғаны жайлы ақпарат 102 пультіне 2021 жылдың 25 мамырында 18 сағат 30 минутта түскен. 21 мамырда туристер жаяу "Сары-Айғыр" шатқалына аттанған. Олар 24 мамыр күні оралуы тиіс еді.

Жоғалған жеті адамның алтауы - студент. Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаевтың дерегінше, жоғалған жастардың екеуі Ақтөбе, біреуі Атырау облысынан, ал қалған екеуі Орал мен Жезқазған қаласының тумалары.

Сайрам-Өгем ұлттық паркінің өкілі Бахыт Айнабековтің айтуынша, жастар шыңды бағындыруды ертерек жоспарлаған. Мамырдың ортасында бірі келіп, Сусіңген көліне өтуге рұқсат сұраған. Алайда ұлттық парктегілер ол аумақта жақында жауын-шашын болғандықтан, қар көшкінінің қаупі бар деп ескертіп, рұқсат бермеген.

Олар жылы киім, жауын өтпейтін палаткалар алып кетті деген мәлімет бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914928-turkistan-oblysynda-zogalgan-zeti-studenttin-useui-tabyldy-video/

pixel