jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды, тағы бірі жоғалып кетті

Шарын11
Оқиға орнынан фото: ТЖМ

Алматы облысы Шарын шатқалында қайғылы жайт болды. Бүгін ол жерде сел жүріп, екі адам көз жұмған. Олардың арасында кәмелет жасына толмаған бала да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, 29 мамырда сағат 13.35-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Шарын шатқалының төменгі бөлігінде балшық-сел тасқыны жүргені туралы хабарлама түскен.

"Салдарынан 6 адам зардап шегіп, 2 адам қайтыс болды. Оның ішінде біреуі кәмелет жасына толмаған. 1 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Із-түзсіз жоғалып кеткен адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде", - дейді Талғат Уәли.

ТЖМ өкілінің дерегінше, селдің жүруіне ауа райының күрт өзгеруі яғни 15 минутқа созылған бұршақ аралас жауған нөсерлі жаңбыр себеп болған.

Қазір оқиға орнында Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 31 қызметкері мен 8 техникасы және 4 жедел жәрдем көлігі, одан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың алты қызметкері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Мән-жай анықталуда.

Сондай-ақ, Талғат Уәли Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл штаб құрғанын, мына 8(7282)22-02-13, 22-02-18 нөмірлер бойынша арнайы желі қосылғанын, қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Шарын шатқалы11
Оқиға орнынан фото: ТЖМ

Шарын шатқалы951
Оқиға орнынан фото: ТЖМ

Еске сала кетейік, бұған дейін ТЖМ Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылғанын хабарлаған еді.

Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды, тағы бірі жоғалып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.