Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа қаулы: 1 маусымнан бастап вакцина паспорты қағаз нұсқада да берілетін болды

Опубликовано:

вакцина 12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланған.

Қаулыға сәйкес, COVID-19 вакцинасын салдырған адамдарға 1 маусымнан бастап қағаз нұсқадағы анықтама беріледі. Ол қазақстандықтарға да, шетел азаматтарына да берілетін болады.

Шетелде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтар туралы мәліметтер, растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін қазақстандық мәліметтер базасына ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізіледі.

"Шетелде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған Қазақстан азаматтарының коронавирусқа қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтер Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі ХТТ "Вакцинация" модуліне растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін болады", - деп көрсетілген қаулыда.

Сондай-ақ, клиникалық сынақтар аясында QazCovid-in (QazVac) вакцинасын салдырған қазақстандықтардың коронавирусқа қарсы вакцинациялануы туралы мәлімет Білім беру министрлігі тарапынан растайтын ақпарат ұсынылғаннан кейін модульге енгізіледі.

Сонымен қатар, QazVac вакцинасын салдырған Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің COVID-19-ға қарсы вакцинациялануы туралы мәлімет Білім министрлігі растайтын ақпарат ұсынғаннан кейін енгізіледі.

Сонымен бірге, қаулыда медицина қызметкерлерінің мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі адамдар тобына жататын жандарға коронавирусқа қарсы вакцина салу үшін олардың үйіне баратыны айтылған.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915160-zana-qauly-1-mausymnan-bastap-vakcina-pasporty-qagaz-nusqada-da-beriletin-boldy/