Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"18 рет ота жасалған": 40 жастағы түркістандық әйелдің отбасы күтпеген жерден тосынсыйға тап болды

Жарияланған күні:

Алтынкүл Сырлыбайқызының отбасы
Алтынкүл Сырлыбайқызының отбасы: жеке мұрағат

Отандық журналист Айдос Игіліков бірнеше қайырымдылық қорларымен бірлесе отырып, әлеуметтік жағдайы төмен 13 отбасының үйлі болуына септігін тигізді. Соңғы рет ол Түркістандағы ерекше жанұяның баспаналы болуына үлес қосқан. Атап айтар болсақ, 18 рет ота жасаған үш баланың анасына Түркістан төрінен бес бөлмелі үй берілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынкүл Сырлыбайқызы 1980 жылы дүниеге келген. Үш баласы бар, сегіз жылдан бері пәтер жалдап тұрады. Біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатқан отбасының жағдайы Алтынкүлдің сырқатынан соң күрт төмендейді.

Ішкі құрылысы зақымданған отанасы жалпы есебі 18 рет ота жасатқан. Күйеуі Қайрат жалдамалы жұмысшы ретінде азын-аулақ табыс табады. Бірақ әйелінің жағдайына байланысты көбіне үйден алыстай алмайды. Осыдан бір ай бұрын Алтынкүлдің көзіне ота жасалды.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды үнемі назарда ұстайтын журанлист Айдос Игіліков бұл жанұяның жағдайы ерекше алаңдатқанын айтады.

«Әлеуметтік желі арқылы да, жұмыс орныма іздеп келіп те көмек сұрайтындар көп. Әрине, барлығын бірдей қамтып, бәріне қол ұшын созу мүмкін емес. Бірақ шамам жеткенше қайырымдылық қорларына хабарласып, жағдайы төмен, біздің көмегімізге зәру адамдарға бей-жай қарамауға тырысамын. Жақында «Айдың нұры» қайырымдылық қорының демеушілігімен 18 рет пышақ астына түскен үш балалы анаға үй сыйладық. Осындай кезде қарап қалмайтын аталған қор басшылығына алғысым шексіз», - дейді журналист.

Енді Айдос Тұрғанбай аталған отбасыға материалдық көмек көрсету жағын қолға алуда. Азық-түлік және өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімдік пен жеке кәсіпкерлерден көмек сұрамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915200-18-ret-ota-zasalgan-turkistanda-zagdaiy-auyr-aieldin-otbasyna-bes-bolmeli-ui-berildi/