Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда үйленуге ерекше ұсыныс жасаған "көліктер" камераға түсіп қалды

Опубликовано:

Көліктер
Фото: instagram.com/zkoonline

Оралда қала тұрғындары ерекше жасалған ұсыныстың куәсі болды. Үш автокөліктен тұратын кортеж облыс орталығы көшелерімен жүріп өтіпті. Көліктердің әрқайсысының артқы терезесінде әмаған тұрмысқа шықшы" деген жазу болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Куәгерлер демалыс күндері Абай даңғылымен жүрген көліктерді суретке түсіріп үлгерген.

"Бірінші көлікте "Выходи", екіншісінде "За меня", ал үшінші көлікте "Замуж" деп жазылған. Автокөліктер бірінен соң бірі жүрді. Біріккенде "Выходи за меня замуж" деп үйлесті. Кейбір автокөлік жүргізушілері романтик жүргізушілерге қолдау білдіріп, дыбыс сигналдарын басты. Бұдан тіпті менің көңіл күйім көтеріліп қалды", – деді қала тұрғындарының бірі.

Әлеуметтік желілерде жарияланған фотосуреттерді көрген қолданушылар жағымды пікірлерді жарыса жаза бастады.

"Романтик жігіттер бар екен ғой арамызда", "Жасампаз. Қыз мұндай әрекетке жақсы баға берген болар, бәлкім", – деп пікір білдірді тұрғындар.

Расында, жігіттің үйлену туралы ұсынысына қыздың қандай жауап қатқаны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, Қазақстандық танымал актриса Сая Оразғалиева жақында екінші рет тұрмысқа шықпақ. Өнер иесінің сүйіктісі оны оңтүстік астанадағы қымбат мейрамханаларының біріне арнайы шақырып, естен кетпес тосын сый ұйымдастырған.

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видеолардан ер адамның раушан гүлдерден жол төсегенін көруге болады. Ол ғашығының алдында тізерлеп отырып, одан өзінің өмірлік жары болуын сұраған. Актриса "иә" деп жауап берген соң, болашақ жолдасы оның саусағына сақинасын тақты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915262-oralda-uilenuge-erekse-usynys-zasagan-kolikter-kameraga-tusip-qaldy/

pixel