Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында тауға шығып, қайтыс болған студент туралы досы айтып берді

Опубликовано:

Тау
Көрнекі фото: Pixabay.com

21 мамырда жеті студент Түркістан облысында тауға шығып, белгіленген күні қайта оралған жоқ. Бірнеше күннен кейін үш жігітті құтқарушылар іздеп тапты. Өкінішке қарай, екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Ал қалған екі жігітті іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

29 мамырда Назарбаев Университетінің студенттері Абылай Тоқтасын мен Әлімжан Хайрулиннің денелері таудан табылды. Көз жұмған туристердің бірінің досы тың деректерді бөлісті деп жазады Sputnik Қазақстан.

Нұрлыбек Тоқтаров Абылай Тоқтасынды бес жылдан бері таниды. Олар университетте бірге оқыған. Ер адам 22 жастағы доcы жан-жақты болғанын, компьютерлік техниканы меңгеріп, екінші курсында шетелде тәжірибеден өткенін жеткізді.

"Абылай менің жақын досым еді. Ол Әлімжанмен таныс болған, бірақ жақын араласпады. Біз университетте түрлі мамандықтар бойынша бірге оқыдық. Абылай өте зейінді, сезімтал және белсенді еді. Әрі әрдайым білімге құштар болды. Сонымен қатар, ол спорт пен рухани тұрғыда дамуды мақсат етті. Досым үнемі екі сөмкемен жүретін. Біріншісінде оқуға қажетті жабдықтары тұрса, екіншісімен спорт формасын таситын", - деп еске алады Нұрлыбек.

Айта кетейік, осыған дейін тауға шыққан жеті жігіттің екі топқа бөлінген хабарлаған болатынбыз.

Оған себеп, жолда біреуінің сырқаттануы. Достарының қасында екі жігіт қалған. Төрт адамнан құралған екінші топ әрі қарай жүре берген.

"Марқұм Әлімжан мен Абылай сапарды жалғастырған топ құрамында болған. Менің ойымша, олар көмек шақыру үшін жолға шыққан. Олар картамен жүріп қателескен, сондықтан ағысы қатты өзен бойымен жүруге бел буған. Өзеннің шетіндегі тастар өте тайғақ. Біз тірі қалғандармен сөйлесе алмадық, олар қазір құқық қорғау органдарында түсініктеме беріп жатыр және олардың сөйлесуге уақыты жоқ", - деп өз ойын бөлісті студент.

Абылай Тоқтасынды жерлеу рәсімі 30 мамырда Түркістанда өтті. Ал Әлімжан Хайрулинді жақындары 31 мамырда ақтық сапарға шығарып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915302-turkistan-oblysynda-tauga-sygyp-qaitys-bolgan-student-turaly-dosy-aityp-berdi/

pixel