RU

Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, бір бала ауыр жарақаттар алды (фото)

Жол апаты
Фото: Ақмола облысы полиция департаменті

30 мамыр күні Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолында жол апаты болып, екі адам көз жұмды. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің ресми сайты хабарлады.

Белгілі болғандай, 30 мамыр күні Бұланды ауданының полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғынынан Бұланды ауданының Алакөл ауылы маңындағы "Нұр-Сұлтан-Петропавл" тас жолының 138 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

VolkswagenPolo көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласы бағытында келе жатып, көлікті басқара алмай, алда келе жатқан MercedesBenz маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Көлік рулінде елорданың 25 жастағы тұрғыны болған.

Жол апаты
Фото: Ақмола облысы полиция департаменті

Соққыдан VolkswagenPolo көлігі аударылып кетеді. Жол апаты салдарынан ауыр жарақаттар алған VolkswagenPolo көлігінің жолаушылары - 67 жастағы ер адам мен 56 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Екеуі де елорда тұрғындары болып шыққан.

Ақкөл ауданының орталық ауруханасына VolkswagenPolo көлігінің 4 жасар жолаушысы "ауыр бас-ми жарақаты, бас миының соғылуы, сол жақ париетальды уақытша сүйектің сынуы, сол жақ иық буынының соғылуы, беттің көптеген сыдырылуы" диагнозымен жеткізілді.

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915378-aqmola-oblysynda-zol-apatynan-eki-adam-koz-zumyp-bir-bala-auyr-zaraqattar-aldy-foto/