Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дариға Назарбаева Екібастұзда жаңартылған «Әлем» оңалту орталығында болды

Жарияланған күні:

Дариға Назарбаева
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Су жаңа заманауи ғимаратта орын тепкен орталық церебралды сал және тірек-қимыл жүйесі ауруына шалдыққан балалар мен жастарды қабылдайды.

Нысан ауданы 4000 ш.м. Кең ауданның арқасында орталық өзінің қызмет түрлерін көбейтті. Бұған дейін «Әлем» орталығы 18 жасқа дейінгі 44 жасқа қызмет көрсететін.

Енді орталық 29 жасқа дейінгі 100 адамды қабылдай алады (3 айлық сәбиден 2,5 жасқа дейінгі 30 бала, 2 жастан 18 жасқа дейінгі 30 бала, 18-ден 29 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар 40 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдайды).

Екібастұз «Әлем» оңалту орталығы
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Мұнда 2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған фельдшер, емдік-дене шынықтыру, логопед кабинеттері жұмыс істейді.

18-29 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жатттығу залы, массаж бөлмесі, психолог және гидромассаж кабинеті бар.

Әрі онда иппотерапия (жылқыға мініп жаттығу арқылы ем алу) сынды оңалтудың жаңа түрі де қарастырылған. Бұған қоса, орталықта үш мезгіл тамақтанатын асхана, концерт залы және бассейн бар.

Екібастұз «Әлем» оңалту орталығы
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Нысанның тағы бір ерекшелегі – балалар орталыққа күнделікті тегін қатынайды. Ал әрбір баланы сауықтыру жекелеген бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Соңғы жылдары церебралды параличпен ауыратындар саны артып отырған Павлодар облысы үшін бұл орталықты жаңғырту – кезек күттірмес өзекті мәселе. Бір ғана Екібастұз өңірінде 16 мен 27 жас аралығындағы 296 науқас тіркелген.

Екібастұз «Әлем» оңалту орталығы
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан әйелдері күштерінің Альянсы» қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева «Әлем» орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

«Елімізде жаңа оңалту орталықтарының көбейіп келе жатқаны қуантады. Ерекше қажеттіліктері бар мыңдаған бала біздің қолдауымыз бен көмегімізге мұқтаж. Дер кезінде қолға алынса, емделмейтін ауру жоқ. Оңалту орталықтарында балалар жаттығады, күш-қуат алады, мұнда емделуге толық мүмкіндік бар. Әрбір бала өмірден өз орнын табады деп сенемін. Әрине, бұл үшін шыдамдылық қажет. Ал біз балаларға қамқорлық көрсетіп, жан-жақты қолдап, махаббатқа бөлеуіміз керек», - деді Дариға Назарбаева орталықтың ашылу салтанатында.

Қор директоры білікті мамандарды жұмысқа тарта білген «Әлем» сияқты орталықтардың әрбір қала мен облыста болуы маңызды екенін айтып өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915473-dariga-nazarbaeva-ekibastuzda-zanartylgan-alem-onaltu-ortalygynda-boldy/