Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Сайран" көлінен ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Сайран
Сайран көлі. Фото: mk-kz.kz

Алматыда "Сайран" көліне түсіп, қайта шықпаған азаматтың денесі табылды. Қазір оның жеке басы анықталып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Куәгерлердің сөзінше, 31 мамыр күні сағат 17:30-да 25-30 жас шамасындағы азамат суға түсуге тыйым салынған белгіге қарамастан, "Сайран көліне" түсіп, қайта шықпаған. Алдын ала ақпарат бойыша, ол жағалауда топпен алкогольді ішімдік ішкен және мас күйде болған", - дейді қалалық ТЖД.

Алматы қалалық құтқару қызметі мен ТЖМ РЖҚЖ тез арада іздеу- сүңгуір жұмыстарын бастаған. Кейін азаматтың денесі табылған.

"Денесін таптық, қазір оның жеке басы анықталуда", - дейді қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Іздеу жұмыстарына Алматы құтқару қызметінің 4 сүңгуірі, "ҚР ТЖМ РЖҚЖ" ММ 3 сүңгуірі, 2 қайық жұмылдырылған.

Сонымен қатар, ТЖД "Сайран көлі" демалушыларды қабылдауға дайын емес екенін оған 50 пайыз ғана су толғанын атап өтті.

Сондай-ақ, ведомство суға түсерде қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін еске салды. Атап айтқанда:

  • тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар басқа да орындарда шомылу;
  • суға шомылу кезінде бір-біріңізді жоғалтпау;
  • жағалаудан, қоршау белгілерінен алысқа жүзбеу;
  • түнгі уақытта және мас күйде шомылмау.

Айта кетейік, осыған дейін 1994 жылы туған колледж мұғалімі мен 2001 жылы туған студент Петропавл қаласына жақын орналасқан "Сосновый бор" демалыс аймағында Есіл өзеніне батып кеткенін жазған едік. Қайғылы оқиғаның алдында олар суретке түскен екен.

Жедел топ оқиға орнына келіп, сүңгуірлер тінту жүргізіп, тіршілік белгілері жоқ екі қызды ағынның 50 метрдей төменгі жағынан тапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915500-sairanga-batyp-ketui-mumkin-almatyda-er-adamdy-izdeu-qutqaru-zumystary-zurip-zatyr/

pixel