Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздықтар Балаларды қорғау күнін қалай өткізді

Опубликовано:

Балаларды қорғау күні11
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Тараздың кішкентай тұрғындары үшін бірқатар қызықты бағдарламалар, акциялар мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Шаһар балдырғандары мереке күнін қалай өткізгенін көпшілік назарына ұсынамыз.

"Көне Тараз" этно-мәдени кешенінде концерттік бағдарлама, өнертапқыштар байқауы мен көрмелер ұйымдастырылды. Балалар кеме үлгілеу көрмесінің, авиа үлгілеу, робототехниканың куәсі болып, сурет салу байқауына қатыса алды. Одан бөлек, арт сурет салу, фото көрме, жылжымалы қуыршақтар да балақайлардың көңілін көтерді. Түрлі шарлар ұйымдастырылып, балаларға тегін балмұздақтар таратылды.

Ал Тұңғыш Президент саябағында "Өнер" мектебінің мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Қалалық мәдениет үйінің алдында да бірқатар іс-шаралар өткізілді. Нақтырақ айтсақ, "Шуақты балалық шақ" мерекелік концерті, "Ынтымағы жарасқан туған елім" атты би фестивалі, "Әлем-балалар көзімен" асфальтқа сурет салу байқауы, "Латын әліпбиі – тәуелсіздіктің жаңа белесі" және "Ағылшын тілін үйренейік" атты акция, "Балғын балалар біздің болашағымыз" кітап көрмесі ұйымдастырылып, балаларға тегін балмұздақтар таратылды.

Аула клубтарда "Біз бақытты баламыз" атты ойын-сауық кеші аясында спорттық, интеллектуалды ойындар ұйымдастырылып, "Бақытты балалық шақ" атты балаларға тәттілер тарату акциясы өткізілді.

Мереке күнінде мүмкіндігі шектеулі балалар да назардан тыс қалмады. Олар үшін "Мамыр" тоғайында арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, тегін балмұздақтар таратылды.

Спортсүйер балалар "Қаратау" мөлтек ауданындағы футбол алаңшасында уақытын қызықты өткізу мүмкіндігіне ие болды. Мұнда жасөспірімдер арасында футболдан Тараз қаласының турнирі ұйымдастырылды.

"Жеңіс" саябағында да мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, балаларға тегін балмұздақтар таратылды.

Ал "Шөлдала" алқабында аула клубының ашылу салтанаты өткізілді.

Осылайша Тараз қаласында мереке күні бүлдіршіндердің күлкісіне толы болды.

Тараз12
Фото: Тараз әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915528-tarazdyqtar-balalardy-qorgau-kunin-qalai-otkizdi/

pixel