Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр кезекте тұрған қазақстандықтарға баспана беру тәртібін түсіндірді

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ОКҚ өткен онлайн-брифингте әкімдік кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту шаралары туралы айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі кезде әкімдіктердің баспана кезегінде 562 мың адам тұр. Олардың ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айлық табысы бір күнкөріс деңгейінен аспайтын 185 мың адам бар. Олар үшін үйді жалға алу құнын субсидиялау тетігін енгізіп жатырмыз. Осы санаттағы адамдардың басым бөлігі – көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек баланы асырап отырғандар және тағы басқа әлеуметтік осал топтар", - деді Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, жалға алынған үйдің ақысының бір бөлігі мемлекет тарапынан өтеледі. Әрбір аймақта субсидияның көлемі әртүрлі болады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан мен Алматыда  - 31 айлық есептік көрсеткіш (90 427 теңге), басқа аймақтарда - 21 АЕК (61 257 теңге), ал ауылды жерлерде 15 АЕК (43 755 теңге) көлемінде үйді жалға алу құны төленеді.

"Баспана кезегінде тұрған және айлық табысы бір күнкөріс деңгейінен жоғары қалған 377 мың адамға Отбасы банк арқылы кредиттік баспана, сондай-ақ, жеңілдетілген ипотека ұсынылады. Осы санатқа мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, толық емес отбасылар және тағы басқа азаматтар кіреді", - деді Атамқұлов.

Осы орайда министр Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін 977 мың тұрғын жай салынатынын жеткізді. Бес жылдың ішінде 235 мың жер учаскесіне инженерлік желілер тартылады. Бұның барлығы жеке меншік үйді салу үшін таратылады.

"Биыл республикалық бюджет есебінен 24,8 мың отбасы әлеуметтік баспанамен қамтамасыз етіледі. Сосын Отбасы банкі арқылы "Бақытты отбасы", "Шаңырақ" және "5-20-25" бағдарламасы бойынша 23 мың отбасыға жеңілдетілген ипотека беріледі. Осы кезде кезекте тұрған адамдар, атап айтқанда, жетім балалар, мүгедектер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүгедек баласы барлар және жұмыс істейтін жастарға басымдық жасалады", - деді министр.

Атамқұлов Отбасы банкінде алғашқы баспанамен қамту орталығының құрылғанын да еске салды. Енді, баспана кезегін осы орталық жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915669-ministr-kezekte-turgan-qazaqstandyqtarga-baspana-beru-tartibin-tusindirdi/

pixel