Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда аштан өліп жатқан жылқылардың фотосы желіде пайда болды

Опубликовано:

Жылқылар
Фото: facebook.com/torekenov.torekenov

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысындағы жылқылардың жантүршігерлік фотосы талқыға түсті. Жағдайға қатысты өңірлік әкімдік пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жылқылардың аянышты фотосын Facebook желісінде Бердімұрат Төрекенов есімді қолданушы жария еткен.

Оның сөзінше, биыл жазық далада жауын-шашын болмағандықтан, бәрі қурап қалған. Жемнің жоқтығы соншалықты, жайылымға шыққан жылқылар жолай өліп қалып жатыр екен.

Жарияланған кадрлардан қатты арықтаған жануарларды көруге болады.

"Қыр үсті босып жүрген бір шаруа, жайылымға жақсы жер, құдық іздеп шаңытып жүрген көліктер. Жақында Ақшымырауға 3-4 айғайынды жігіттер жылқы малдарын қырға алып шықты. Үш-төрт күн жүріп әрең жетті. Келгенше 3-4 ірі қарасы өлді", - дейді ол.

Айтуынша, қайтар жолда да тағы 4-5 жылқы мерт болған. Оның ойынша, мәселені құдықтар қазып шешуге болады.

"Бұл төтенше жағдай (...) шаруаларға көмек беру керек", - дейді ер адам.
Жылқылар
Фото: facebook.com/torekenov.torekenov

Желі қолданушылары жазба астына 230-дан астам пікір қалдырып, 185 мәрте бөліскен. Басым көпшілігі жылқылардың жағдайын көріп, жануарға жаны ашығанын жеткізген.

Осы ретте Маңғыстау облысының әкімдігі Lada.kz порталына жұмыс тобы құрылып, шаруа қожалықтары үшін жем-шөп дайындау науқаны басталғанын хабарлаған.

Каспий ауылшаруашылық кәсіпорны арқылы еліміздің басқа аймақтарынан келген фермерлерге жем-шөп сатып алуға қажетті қаражат бөлінген. Билік Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарымен мал азығын жеткізу, сондай-ақ жайылымдарды пайдалану туралы келіссөздер жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915677-mangystauda-astan-olip-zatqan-zylqylardyn-fotosy-zelide-paida-boldy/

pixel