Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында екі баланың анасы өзенге батып кетті

Опубликовано:

өзен13
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы Обаған өзеніне екі баланың анасы батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Балаларды қорғау күнінде әйел Құсмұрын кентіндегі достарымен бірге су қоймасында болған, онда куәгерлердің айтуынша, спирттік ішімдіктер ішіп, соның салдарынан қайғылы оқиға орын алған. Азаматтардың суға шомылуға жабдықталмаған жерде болғаны, сол арқылы өздеріне қауіп төндіргені және қайғылы салдарға ұшырағаны белгілі болды. Айта кетейік, азаматтар суға шомылуға белгіленбеген орында болған, осылайша өздеріне қауіп төндіріп, салдары осындай қайғылы жағдаймен аяқталған", - деп атап өтті ведомство.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында отбасымен демалуға барған бір үйдің екі баласы суға кетті.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жайт 31 мамыр күні Шал ақын ауданы Мерген ауылының маңындағы қазаншұңқырда болған. Ата-аналарының айтуынша, олар бес баласымен көлшікке сағат 13.00 шамасында келген.

Қастарында 11 және 9 жастағы қызы мен ұлы, 2 жастан асқан және биыл туған сәбилері, сондай-ақ 2012 жылы туған асыранды баласы болған. Қазаншұңқырдың жанына келісімен отбасы палатка құрған. Бір мезет балалардың әке-шешесі емізулі сәбимен палаткаға кіріп кеткен.

Ал судың маңында үш бала болған. Олардың бірі судың салқын екенін айтып, суға түсуден бас тартса, 9 және 11 жастағы жасөспірімдер суға түскен.

"Көлшіктің бір бөлігі терең емес, су тізеден келеді. Екінші бөлігінде тереңдігі 3 метрге дейін жетеді. Палаткадан шыққан ер адам жағадан екі метрдей жерде суда қалқып жүрген ер баланың денесін көрген. Алып шығып, қызды іздей бастаған. Бірден аудандық полиция бөлімшесіне, құтқару қызметіне хабарласқан.

Оқиға орнына балалар оқыған мектептің директоры жеткен. Қыздың денесін өздіктерінен таба алмағандықтан, Петропавлдан құтқарушы-сүңгуірлер жасағын шақыртқан. Алайда, жергілікті мамандар мен ауыл тұрғындары жасөспірімнің денесін олар келгенше екі метр тереңдіктен өздері алып шықты", - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Балалардың мерт болуына не себеп болғаны алдағы уақытта тексерілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915709-qostanai-oblysynda-eki-balanyn-anasy-ozenge-batyp-ketti/

pixel