Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларды жақсы көрді": Шарында қайтыс болған ұстаздың достары естеліктерді бөлісті (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Мерей Ибрагимовтің желідегі парақшасы

Шарын шатқалындағы тасқын су алматылық мектеп мұғалімінің өмірін қиды. Марқұм Мерей Ибрагимовтің достары оның қандай адам болғанын еске алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ратмир мен Икрам оны бала кезінен білетін. Олар Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінде кездесіп, Мерейдің өмірі өнермен өрілгенін атап өтті.

Мерей диплом алған соң, өзі білім алған оқу орнында жұмыс істеуге қалған. Сонымен қатар, ол өзінің кәсіби біліктілігін Чехия мен Италияда шыңдап, шет тілін де жетік меңгерген.

"Біз жақын дос едік. Сондықтан да әркез бірге болдық және бал балалық шағымызды бірге өткіздік", – дейді марқұмның досы Ратмир Афанасьев.

"Мен оның жарқын бейнесін жүрегімде сақтаймын. Онымен бірге болған кезімдегідей, мен ешқашан ешкіммен ерекше қуанған емеспін. Әрдайым біз көңілді жүретінбіз", – деп қосты Икрам Мамедов.

Мерей Ибрагимов сәндік-қолданбалы өнер мен мүсін бөлімін, "Металды көркем өңдеу" және "Көркем керамика" кафедрасын басқарды.

Ибрагимовтің жалпы педагогикалық өтілі бес жыл еді. Оның соңғы үш жылында №199 гимназияда жұмыс істеді. Ол оқушылармен бірге экскурсияға барғанда төтенше жағдай салдарынан көз жұмды.

Алматы қалалық білім басқармасы қайтыс болған мұғалімді жауапкершілігі жоғары маман ретінде атады.

"Ол өз ісінің шебері әрі бір емес бірнеше түлекті тәрбиелеп шығарған оқушылардың сүйікті ұстазы еді. Ерекше шығармашылық дарын иесі және мақсаты айқын азамат әркез көңілді жүріп, шынайы күле білетін. Ол сондай қасиеттерімен достарына сыйлы болды", – деп атап өтті басқарма өкілдері.

Достарының айтуынша, Мерей өте қайырымды әрі сезімтал жігіт болған.

"Мен оның өте мейірімді адам екенін әрдайым сезетінмін. Тіпті, мен көмек сұрамасам да, ол маған әрдайым көмектесетін. Бір анығы, оның жүріс-тұрысы ширақ, жан әлемі саф таза болатын. Сондықтан да ол балаларды құтқаруға ұмтылды. Өйткені, ол балаларды өте жақсы көретін", – дейді Ратмир Афанасьев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915747-balalardy-zaqsy-kordi-sarynda-qaitys-bolgan-ustazdyn-dostary-estelikterdi-bolisti-video/

pixel